Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1190
- Қабылданған күні
- 14.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2018 115036_308463.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17LI005976
- ЭКБ идентификаторы
- 115036
- Редакция идентификаторы
- 115036_308463
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:53
0 Мүгедектер үшін жұмыс
орындарына квота
белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының
2016 жылғы 6сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2 2. «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы
3 наурыздағы №1058 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5762 болып тіркелген, 2017 жылдың
29 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Шиелі ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «14» қыркүйектегі
№ 1190 қаулысына қосымша
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйымның
атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (%) қызметкерлердің тізімдік санынан
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Шиелі ауданының білім бөлімінің А.С.Пушкин атындағы №46 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
172
3%
5
2
«Шиелі ауданының білім бөлімінің №45мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
170
3%
5
3
«Шиелі ауданының білім бөлімінің М.В.Ломоносов атындағы №47 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
194
3%
6
4
«Шиелі ауданының білім бөлімінің Г.Н.Ковтунов атындағы №252 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
141
2%
3
5
«Шиелі аудандық білім бөлімінің №127 Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
159
3%
4
6
«Шиелі ауданының білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы №219 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
233
3%
7
7
«Шиелі ауданының білім бөлімінің Ы.Жахаев атындағы №244 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
99
2%
2
8
«Шиелі ауданының білім бөлімінің № 270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
105
2%
2