Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил государственной регистрации аэродромов (вертодромов) государственной авиации

Бұйрық · № 453 · қабылданған 16.08.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115055/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил государственной регистрации аэродромов (вертодромов) государственной авиации Қолданыста Бұйрық ·№ 453 ·16.08.2017
11.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил государственной регистрации аэродромов (вертодромов) государственной авиации

Қолданыста Бұйрық ·№ 453 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил государственной регистрации аэродромов (вертодромов) государственной авиации
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
453
Қабылданған күні
16.08.2017
Көрсетілген редакция
11.10.2024 115055_725909.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015808
ЭКБ идентификаторы
115055
Редакция идентификаторы
115055_725909
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:09

0 Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы К. Мәсімов
2017 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министріполиция
генерал-полковнигі
Қ. Қасымов
2017 жылғы «___» _________

0 Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 16 тамыз
№ 453 бұйрығымен
бекітілген

1 1. Осы Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.

2

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) жүзеге асырады, бұл ретте мемлекеттік авиацияның әуеайлағы (тікұшақ айлағы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізіледі.

3

3. Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) Тізілімге енгізгеннен кейін Басқарма осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 5 жыл мерзімге Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – Куәлік) береді. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін әуеайлақ (тікұшақ айлағы) қайта тіркеледі.
Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) реконструкциялау, қайта жоспарлау және (немесе) қайта жабдықтау нәтижесінде оның техникалық сипаттамасын өзгерту әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тіркеу рәсіміне ұқсас Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 761қбпү бұйрығымен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), автомобиль жолдарының әуеайлақтық учаскелерінің пайдалануға жарамдылығы нормаларының талаптарына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарына қойылатын тактикалық-техникалық талаптарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19521 болып тіркелген) (бұдан әрі – ӘӘЖН) сәйкес бес жылдық мерзімге қарамастан, оны тіркеу үшін негіз болып табылады.

4

4. Мемлекеттік авиацияның әуеайлағын (тікұшақ айлағын) Тізілімге енгізу үшін әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тексеру актісінің және әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) пайдалануға рұқсат ету туралы бұйрықтың көшірмесін қоса беріп, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық бөлім командирінің (әуеайлақ авиациялық аға бастығының) өтінішхаты негіз болып табылады.
Өтінішхат әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдалануға қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде беріледі.
Басқарма өтінішхат түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде әуеайлақты (тікұшақ айлағын) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және авиациялық бөлім командиріне (әуеайлақтың авиациялық аға бастығына) Куәлік береді немесе әуеайлақ ӘӘЖН талаптарына сәйкес келмеген жағдайда тіркеуден бас тартады.
Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тіркеуден бас тартылған жағдайда бөлім командирі 10 жұмыс күні ішінде ӘӘЖН талаптарына сәйкессіздікті жояды және осы Қағидаларға 4-тармақтың талабына сәйкес әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тіркеу туралы өтінішхатты қайта жібереді.

5 5. Куәлік әуеайлақта (тікұшақ айлағында) орналасқан авиациялық бөлімде, авиациялық бөлімшеде, авиациялық ұйымда есепке алынады және сақталады. Куәліктердің көшірмелері Басқармада оның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.

6 6. Куәлік жоғалған (ұрланған) немесе бүлінген жағдайда авиациялық бөлім командирі (әуеайлақтың авиациялық аға бастығы) Басқармаға еркін нысанда Куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініш жасайды.

Бұл жағдайда Басқарма күнтізбелік 5 күнге дейінгі мерзімде Куәліктің телнұсқасын сол нөмірмен және күнімен береді және Тізілімде тиісті белгі жасайды.

1 Мемлекеттік авиацияның

әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын)
мемлекеттік тіркеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
_______________________
(шектеу дәрежесі)
Тір­кеу нө­мі­рі
Әу­е­ай­лақ­тың, (ті­кұ­шақ ай­ла­ғы­ның) ата­уы
Ор­на­ла­суы, (әу­е­ай­лақ ба­қы­лау нүк­те­сі­нің гео­де­зи­я­лық ко­ор­ди­на­та-ла­ры), ең жа­қын ел­ді ме­кен­нен қа­шық­тық
Әу­е­ай­лақ­ты (ті­кұ­шақ ай­ла­ғын) пай­да­ла­на­тын әс­ке­ри бө­лім
Әу­е­ай-лақ­тың (ті­кұ­шақ ай­ла­ғы-ның) сы­ны­бы
Жа­сан­ды және то­пы­рақ­ты ұшу-қо­ну жо­лақ­та­ры­ның са­ны және кө­ле­мі, (жа­бын ти­пі, жа­бын қа­лыңды­ғы, жа­бын­ның жік­теу са­ны)
Ма­ги­страль-дық бас­қа­ру жо­ла­ғы­ның, тұ­рақ орын­да­ры­ның са­ны және кө­ле­мі, (жа­бын ти­пі, жа­бын қа­лыңды­ғы, жа­бын­ның жік­теу са­ны)
Әуе ке­ме­ле­рі-нің тип­те­рі бой­ын­ша әу­е­ай­лақ-тың (ті­кұ­шақ ай­ла­ғы-ның) сый­ым-ды­лы­ғы
Ку­ә­лік бе­ру, оның қол­да­ны­лу мер­зі­мін ұзар­ту ту­ра­лы бел­гі (негіз­де­ме, тек­се­ру ак­ті­сі­нің №, кү­ні)
Ку­ә­лік­тің қол­да­ны-луын тоқ­та­та тұ­ру ту­ра­лы бел­гі (негіз­де­ме)
Алып та­стау ту­ра­лы бел­гі (негіз­де­ме)
Ес­керт-пе

2 Мемлекеттік авиацияның

әуеайлақтарын (тікұшақ
айлақтарын) мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) мемлекеттік тіркеу туралы
№____ куәлік
1. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) атауы _________________________
2. Орналасқан жері ______________________________________________
3. Әуеайлақ (тікұшақ айлағының) иесі ______________________________
4. Әуеайлақ (тікұшақ айлағының) сыныбы __________________________
5. Негізгі ұшу-қону жолағының (топырақты ұшу-қону жолағының) көлемі
және жабын типі _______________________________________________
6. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) қону жүйесімен жабдықталған ______
____________________________________________________________________
(радиотехникалық жабдық типтері)__________________________________
7. _____________________әуеайлағы (тікұшақ айлағы) Тізілімде №___
болып
тіркелгені және әуе кемелерін пайдалануға рұқсат етілгені
куәландырылады_____________________ (әуе кемесінің типі, рұқсат етілген
ұшу салмағы, жыл мен тәулік мезгілі көрсетілсін)
8. Әуеайлаққа (тікұшақ айлағына)_________________метеоминимумы
бойынша әуе
кемесін қабылдауға рұқсат етілді, қону
санаты______________________________________________________________
9. Мемлекеттік тіркеу және Куәлік беру үшін
негіз____________________________________________________________
М.О.
Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері Әуе қорғанысы
күштерінің бас қолбасшысы
____________________________
Т.А.Ә. (бар болса), қолы
20__жылғы «__»__________
Пайдалану кезеңінде болған өзгерістер______________________________
____________________________________________________________________

3 Өтінішхат

Мемлекеттік авиацияның
әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын)
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері Әуе қорғанысы
күштерінің
бас қолбасшысына
Өтінішхат
Сізден ___________ әуеайлағын (әуеайлақ атауы) ________________
байланысты (тіркеу себебі) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының
әуеайлақтары (тікұшақ айлақтары) тізілімінде тіркеуді сұраймын.
Өтінішхатқа әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тексеру актісінің, әуеайлаққа
(тікұшақ айлағына) пайдалануға рұқсат ету туралы бұйрықтың көшірмесін қоса
беремін.
________________ әскери бөлімінің командирі
______________________________________

Қолданыстағы