Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны и полосы реки Карасу на территории земельного участка товарищества с ограниченной ответственностью «Люблинка» в селе Люблинка Люблинского сельского округа Карасуского района, режима и особых условий их хозяйственного использования

Қаулы · № 426 · қабылданған 28.08.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115089/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны и полосы реки Карасу на территории земельного участка товарищества с ограниченной ответственностью «Люблинка» в селе Люблинка Люблинского сельского округа Карасуского района, режима и особых условий их хозяйственного использования Күшін жойған 03.08.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении водоохранной зоны и полосы реки Карасу на территории земельного участка товарищества с ограниченной ответственностью «Люблинка» в селе Люблинка Люблинского сельского округа Карасуского района, режима и особых условий их хозяйственного использования

Күшін жойған Қаулы № 426 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны и полосы реки Карасу на территории земельного участка товарищества с ограниченной ответственностью «Люблинка» в селе Люблинка Люблинского сельского округа Карасуского района, режима и особых условий их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Қарасу ауданы Люблинский ауылдық округінің Люблинка ауылындағы «Люблинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі аумағында Қарасу өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
426
Қабылданған күні
28.08.2017
Көрсетілген редакция
03.08.2022 115089_586696.kaz
Соңғы өзгеріс
03.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17N0007244
ЭКБ идентификаторы
115089
Редакция идентификаторы
115089_586696
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:02
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қарасу ауданы Люблинский ауылдық округінің Люблинка ауылындағы «Люблинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі аумағында Қарасу өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалық құжаттама негізінде Қарасу ауданы Люблинский ауылдық округінің Люблинка ауылындағы «Люблинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі аумағында Қарасу өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Қарасу ауданы Люблинский ауылдық округінің Люблинка ауылындағы «Люблинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі аумағында Қарасу өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Су ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы»
республикалық мемлекеттiк мекемесінің басшысы
______________________________ Г. Оспанбекова
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау
комитетінің Қостанай облысының қоғамдық
денсаулықты қорғау департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________________ О. Бекмағамбетов

5 Қарасу ауданы Люблинский ауылдық округінің Люблинка ауылындағы «Люблинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі аумағында Қарасу өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі

Әкімдіктің
2017 жылғы 28 тамыздағы
№ 426 қаулысына
1-қосымша
Қарасу ауданы Люблинский ауылдық округінің Люблинка ауылындағы «Люблинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі аумағында Қарасу өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Орташа көп жылдық судың сабалық кемері
(метр)
ұзындығы (метр)
ені
(метр)
ауданы
(гектар)
ұзындығы
(метр)
ені
(метр)
ауданы
(гектар)
Қарасу өзені
Қарасу ауданы Люблинский ауылдық округінің Люблинка ауылындағы «Люблинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі аумағында
340
500
20
340
35
1,19
213,2
Ескерту: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары «Қарасу ауданы Люблинский ауылдық округінің Люблинка ауылындағы «Люблинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі аумағында Қарасу өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу жобасы» жобасының картографиялық материалында көрсетілген» (су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу жобасына тапсырыс беруші – «Люблинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).

6 Қарасу ауданы Люблинский ауылдық округінің Люблинка ауылындағы «Люблинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі аумағында Қарасу өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары

Әкімдіктің
2017 жылғы 28 тамыздағы
№ 426 қаулысына
2-қосымша
Қарасу ауданы Люблинский ауылдық округінің Люблинка ауылындағы «Люблинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі аумағында Қарасу өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары

1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;

3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

2. Су қорғау аймақтарының шегінде:

1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.