Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в административно-территориальное устройство Жанааркинского района Карагандинской области

Қаулы · № 59/02 · қабылданған 21.09.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115109/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
О внесении изменений в административно-территориальное устройство Жанааркинского района Карагандинской области Қолданыста Қаулы ·№ 59/02 ·21.09.2017
09.12.2021 редакциясы
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в административно-территориальное устройство Жанааркинского района Карагандинской области

Қолданыста Қаулы ·№ 59/02 · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в административно-территориальное устройство Жанааркинского района Карагандинской области
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгертулер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
59/02
Қабылданған күні
21.09.2017
Көрсетілген редакция
09.12.2021 115109_552710.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17K0004366
ЭКБ идентификаторы
115109
Редакция идентификаторы
115109_552710
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:49

0 Қарағанды облысы Жаңаарқа

ауданының әкімшілік-аумақтық
құрылысына өзгертулер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11 бабының 2 тармақшасына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгертулер енгізілсін:

1) Ақтасты ауылдық округі есепті деректерден алынып, таратылсын;

2) есептік деректерге енгізіліп, әкімшілік орталығын Талдыбұлақ ауылын анықтап, Талдыбұлақ ауылдық округі құрылсын;

3) Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімшілік және аумақтық бағынысына Талдыбұлақ, Ақтасты, Алғабас ауылдары берілсін;

4) Талдыбұлақ ауылдық округі құрамына:

таратылатын Ақтасты ауылдық округінің аумағы;
Байдалы би ауылдық округы құрамынан шығарылып, Талдыбұлақ ауылының аумағы;
Алғабас ауылының аумағы, оны Сейфуллин ауылдық округінің құрамынан шығарып берілсін;

5) Талдыбұлақ ауылдық округінің шекарасы жалпы аумағы 90 755 гектар болып белгіленсін;

Сейфуллин ауылдық округінің шекарасы жалпы аумағы 190 744 гектар болып белгіленсін;
Байдалы би ауылдық округінің шекарасы жалпы аумағы 57 060 гектар болып белгіленсін.

2. Осы Қарағанды облысы әкімдігі және Қарағанды облыстық

мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің орынбасары С.Ж.Шайдаровқа жүктелсін.

3. Осы Қарағанды облысы әкімдігі және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы