Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве
- Атауы (қаз.)
- Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 355
- Қабылданған күні
- 13.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2020 115144_460671.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17UJ004226
- ЭКБ идентификаторы
- 115144
- Редакция идентификаторы
- 115144_460671
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:53
0 Өсімдік шаруашылығындағы
міндетті сақтандыруға жататын
өсімдік шаруашылығы өнімінің
түрлері бойынша егіс жұмыстардың
басталуы мен аяқталуының оңтайлы
мерзімдерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Сайрам ауданының аумағында егіс жұмыстарын басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Олжаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
5 Сайрам ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 13 қыркүйектегі
№355 қаулысына қосымша
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Сайрам ауданының аумағында егіс жұмыстарын басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№
Дақылдар түрі
Оңтайлы себу
мерзімдері
Ескертпе
1
Жаздық бидай
1 наурыздан - 15 сәуірге дейін
Тәлімі және суармалы жер
2
Арпа
10 наурыздан - 10 сәуірге дейін
Тәлімі және суармалы жер
3
Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс)
15 наурыздан - 25 сәуірге дейін
Тәлімі және суармалы жер
4
Жоңышқа
20 наурыздан - 5 мамырға дейін
Тәлімі және суармалы жер
5
Көкөніс және бақша
дақылдары
1 наурыздан - 5 маусымға дейін
Суармалы жер
6
Жүгері
10 сәуірден - 15 мамырға дейін
Суармалы жер
7
Картоп
1 наурыздан - 25 маусымға дейін
Суармалы жер
8
Күздік бидай
1 қазаннан - 1 желтоқсанға дейін
Тәлімі және суармалы жер