Құжат мәтініне өту

Об установлении нормативов положенности специальных транспортных средств и определении критериев отнесения автотранспорта к специальным транспортным средствам по сферам деятельности, отнесенным к их компетенции в республиканских государственных предприятиях, подведомственных Министерству здравоохранения Республики Казахстан

Бұйрық · № 681 · қабылданған 06.09.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115168/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении нормативов положенности специальных транспортных средств и определении критериев отнесения автотранспорта к специальным транспортным средствам по сферам деятельности, отнесенным к их компетенции в республиканских государственных предприятиях, подведомственных Министерству здравоохранения Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 681 ·06.09.2017
06.09.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении нормативов положенности специальных транспортных средств и определении критериев отнесения автотранспорта к специальным транспортным средствам по сферам деятельности, отнесенным к их компетенции в республиканских государственных предприятиях, подведомственных Министерству здравоохранения Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 681 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении нормативов положенности специальных транспортных средств и определении критериев отнесения автотранспорта к специальным транспортным средствам по сферам деятельности, отнесенным к их компетенции в республиканских государственных предприятиях, подведомственных Министерству здравоохранения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардағы арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiн белгілеу және олардың құзыретіне жатқызылған қызмет салалары бойынша автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдерін айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
681
Қабылданған күні
06.09.2017
Көрсетілген редакция
06.09.2017 115168_238696.kaz
Соңғы өзгеріс
06.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015823
ЭКБ идентификаторы
115168
Редакция идентификаторы
115168_238696
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:57

0

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардағы арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiн белгілеу және олардың құзыретіне жатқызылған қызмет салалары бойынша автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдерін айқындау туралы
«Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысының 1-4-тармағына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерi белгіленсін.
2.Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес олардың құзыретіне жатқызылған қызмет салалары бойынша автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдері айқындалсын.

3

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары осы бұйрықпен белгіленген көлік құралдарын арнайы көлік құралдары ретінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихан пункттерінде 2017 жылғы
1 қарашаға дейін тіркеу бойынша шараларды қабылдасын және 2017 жылғы
5 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін хабардар етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың

1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және активтер департаментіне жүктелсін.

6 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың арнайы автокөлік құралдарының тиістілік нормативтері

6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 06 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 06 қыркүйектегі №681 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың арнайы автокөлік құралдарының тиістілік нормативтері

Ұй­ым­ның ата­уы
Та­ғай­ын­да­луы
Па­ци­ент­тер­ге шұ­ғыл кө­мек көр­се­ту, кон­суль­та­ци­я­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық кө­мек көр­се­ту мақ­са­тын­да па­ци­ент­тер­ді бас­қа ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­ға та­сы­мал­дау, қа­ла­ның әр­түр­лі бө­лі­гін­де ор­на­лас­қан бір бө­лім­ше­ден бас­қа бө­лім­ше­ге па­ци­ент­ті жет­кі­зу үшін
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­ға қан және оның ком­по­нент­те­рін же­дел жет­кі­зу үшін
Бұр­ма­лан­ған/
кон­троф­ак­ті­лік, са­па­сыз дә­рі­лік заттар­ды анық­тау, қор­ша­ған ор­та фак­тор­ла­рын, шу­ды, элек­тро­маг­нит­тік сәу­ле­ле­ну­ді, ауа­ның ла­ста­нуын ба­ға­лау, ту­бер­ку­лез­ді және ке­уде куы­сы ағ­за­ла­ры­ның бас­қа да ау­ру­ла­рын ер­те анық­тау мақ­са­тын­да ха­лық­ты жап­пай рент­ген зерт­теп-қа­рау жүр­гі­зу, шы­ғу жағ­дай­ын­да до­нор­лық қан алу үшін
Қат­ты тұр­мыстық қал­дық­тар­ды та­сы­мал­дау және шы­ға­ру, сұй­ық қал­дық­тар­ды алу және жою, аумақ­ты жи­нау, жүк­тер­ді та­сы­мал­дау үшін
қыз­мет­кер­лер­ді және ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­да оқи­тын сту­дент­тер­ді та­сы­мал­дау үшін (ав­то­бу­стар және ша­ғын ав­то­бу­стар)
1
2
3
4
5
6
7
1
«Трав­ма­то­ло­гия және ор­то­пе­дия ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
4
3
1
2
«Кар­дио­ло­гия және іш­кі ау­ру­лар ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
2
1
1
3
«Қа­зақ он­ко­ло­гия және ра­дио­ло­гия ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
2
4
«Аку­шер­лiк, ги­не­ко­ло­гия және пе­ри­на­то­ло­гия ғы­лы­ми ор­та­лы­ғы» ша­ру­а­шы­лық жүр­гi­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тiк кәс­i­пор­ны
4
5
«Ма­рат Оспа­нов атын­да­ғы Ба­тыс Қа­зақ­стан мем­ле­кет­тік ме­ди­ци­на­лық уни­вер­си­те­ті» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
3
4
6
«Се­мей қа­ла­сы­ның мем­ле­кет­тік ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
3
4
1
7
«Қа­ра­ған­ды мем­ле­кет­тік ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
1
1
2
1
8
«С.Ж. Асфен­ди­я­ров атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
3
7
3
9
«Транс­фу­зио­ло­гия ғы­лы­ми-өн­ді­рі­стік ор­та­лы­ғы» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
7
2
1
10
«Рес­пуб­ли­ка­лық са­ни­та­ри­я­лық авиа­ция ор­та­лы­ғы» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
5
11
«Дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар­ды және ме­ди­ци­на тех­ни­ка­сын са­рап­тау ұлт­тық ор­та­лы­ғы» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
2
1
12
«Ра­ди­а­ци­я­лық ме­ди­ци­на және эко­ло­гия ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны
2
1
1
13
«Пе­ди­ат­рия және ба­ла­лар хи­рур­ги­я­сы ғы­лы­ми ор­та­лы­ғы» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны
4
1
14
«Рес­пуб­ли­ка­лық пси­хи­ка­лық ден­са­улық ғы­лы­ми-прак­ти­ка­лық ор­та­лы­ғы» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
2
2
15
«Ең­бек ги­ги­е­на­сы және кә­сі­би ау­ру­лар ұлт­тық ор­та­лы­ғы» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
1
1
1
16
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық фти­зи­о­пуль­мо­но­ло­гия ғы­лы­ми ор­та­лы­ғы» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
3
1
4
17
«Бу­ра­бай» рес­пуб­ли­ка­лық оңал­ту ор­та­лы­ғы» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
4
9
4
18
«Отан со­ғы­сы­ның мү­ге­дек­те­ріне ар­нал­ған ор­та­лық кли­ни­ка­лық гос­пи­таль» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
1
1
19
«Отан со­ғы­сы­ның мү­ге­дек­те­ріне ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық кли­ни­ка­лық гос­пи­таль» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
1
1
2
20
«Рес­пуб­ли­ка­лық қан ор­та­лы­ғы» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
2
1
1
2
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 06 қыркүйектегі
№ 681 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының құзыретіне жатқызылған қызмет салалары бойынша автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдері

1 1. Пациенттерге шұғыл көмек көрсетуге, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету мақсатында басқа медициналық ұйымдарға пациенттерді тасымалдауға, қаланың әртүрлі бөлігінде орналасқан бір бөлімшеден басқа бөлімшеге пациентті жеткізуге арналған арнайы көлік құралы

1 1. Медициналық жабдықтармен жарақтандыру: өкпені жасанды желдету құрылғысы, 2 литрлік баллонымен оттегілік редуктор-ингалятор, қабылдау құрылғысы;

2 2. Науқасты тасымалдау үшін кушеткамен немесе шешілетін кресло зембілдері бар сырғытқы-арбамен жарақтандыру;

3 3. Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін бикспен жарақтандыру;

4 4. Каркассыз зембілдермен жарақтандыру;

5 5. Жиналмалы көліктік шиналардың жиынтығымен жарақтандыру;

6 6. Фельдшерлік жинақпен жарақтандыру.

2 2. Медициналық ұйымдарға қан және оның компоненттерін жедел жеткізуге арналған арнайы көлік құралы

1 1. Тоңазытқыш жабдығымен жарақтандыру;

2 2. Термоконтейнермен жарақтандыру.

3 3. Бұрмаланған/контрофактілік, сапасыз дәрілік заттарды анықтауға арналған арнайы көлік құралы - мобилдік экспресс зертхана

1 1. Жақын инфрақызыл диапозонды шаң-, діріл- ылғалға төзімді спектрометрмен жарақтандыру.

4 4. Қоршаған орта факторларын, шуды, электромагниттік сәулеленуді, ауаның ластануын бағалауға арналған арнайы көлік құралы

1 1. Көп функциялы дербес өңдегішпен жарақтандыру;

2 2. Бензиндік айнымалы ток генераторымен жарақтандыру;

3 3. Тоңазытқышпен жарақтандыру;

4 4. Жуғышы бар зертханалық үстелмен және приборларға арналған сөрелермен жарақтандыру;

5 5. Приборлармен (газ талдауыштар, шу-діріл өлшейтін жабдық және аппарат, электромагниттік айналаны өлшеуге, микроклиматтық параметрлерді өлшеуге, жарықтықты өлшеуге арналған аспаптар) жарақтандыру.

5 5. Туберкулезді және кеуде куысы ағзаларының басқа да ауруларын ерте анықтау мақсатында халықты жаппай рентген зерттеп-қарау жүргізуге арналған арнайы көлік құралы

1 1. Рентгендік флюораграфиялық жылжымалы цифрлық апппаратпен жарақтандыру.

6 6. Шығу жағдайында донорлық қан алуға арналған арнайы көлік құралы

1 1. Донорларға арналған креслолармен және кішкене үстелдермен жарақтандыру;

2 2. Биомиксерлермен жарақтандыру;

3 3. Дәнекерлегіштермен жарақтандыру;

4 4. Термоконтейнерлермен жарақтандыру.

7 7. Қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға және шығаруға арналған арнайы көлік құралы

1 1. Бүйір/артқы манипулятормен жарақтандыру;

2 2. Өз бетінше тиеу - түсіру құралдарымен жарақтандыру.

8 8. Сұйық қалдықтарды алуға және жоюға арналған арнайы көлік құралы

1 1. Жетекті сорғышпен жарақтандыру;

2 2. Қалдықтарға арналған сыйымдылықпен жарақтандыру;

3 3. Арнайы шлангісі бар қабылдайтын люкпен жарақтандыру;

4 4. Цистернамен жарақтандыру.

9 9. Аумақты жинауға арналған арнай көлік құралы

1 1. Аспалы жабдықпен, қар тазалағышпен жарақтандыру;

2 2. Өз бетінше тиеу - түсіру құралдарымен жарақтандыру.

10 10. Жүктерді тасымалдауға арналған арнайы көлік құралы

1 1. Кузовпен жарақтандыру;

2 2. Тентпен жарақтандыру.

11 11. Қызметкерлерді және медициналық ұйымдарда оқитын студентерді тасымалдау үшін арнайы көлік құралы (автобустар және шағын автобустар)

1 1. Адамдарды тасымалдауға арналған берік бекітелген отыратын орындармен (салонда 7 орыннан аса), тұтқалармен және терезелерде күнге қарсы құрылғылармен (перделер немесе шыныларды қүңгірттеу), сондай-ақ авариялық люктармен жарақтандыру.

2 2. Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін бикспен жарақтандыру.

3 3. Салонды жылыту және суыту жүйелерімен жарақтандыру.

Ескертпе: Арнайы көлік құралдарына жоғарыда көрсетілген өлшемдердің бірі бар көлік құралдары жатқызылады.

Қолданыстағы