О повышении базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 100
- Қабылданған күні
- 29.09.2017
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2018 115264_316008.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17UC004231
- ЭКБ идентификаторы
- 115264
- Редакция идентификаторы
- 115264_316008
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:46
0 Жер салығының базалық
мөлшерлемелерін жоғарылату
туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қарашадағы №57 шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3939 тіркелген) Кентау қаласының жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 379, 381 және 383 баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшелемелері 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 (елу) пайызға жоғарылатылсын.