Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Глубоковского района

Ереже · № 15/5-VI · қабылданған 27.09.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115273/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Глубоковского района Күшін жойған Ереже ·№ 15/5-VI ·27.09.2017
19.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Глубоковского района

Күшін жойған Ереже ·№ 15/5-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Глубоковского района
Атауы (қаз.)
Сот шешімімен Глубокое ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15/5-VI
Қабылданған күні
27.09.2017
Көрсетілген редакция
19.03.2021 115273_525371.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17VI005234
ЭКБ идентификаторы
115273
Редакция идентификаторы
115273_525371
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:47

0 Сот шешімімен Глубокое ауданының

коммуналдық меншігіне түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару
қағидаларын бекіту туралы
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1 - бабының 3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Глубокое ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Сот шешімімен Глубокое ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

Глубокое аудандық мәслихатының
2017 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 15/5-VІ шешімімен бекітілді
Сот шешімімен Глубокое ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару
қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы сот шешімімен Глубокое ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Глубокое ауданының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

4 4. Калдықтарды басқаруды жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

5 5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде аудан әкімдігі коммуналдық мүлікті басқару саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.

2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6

6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.

7 7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8 8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3 3. Қорытынды ережелер

10 10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қолданыстағы