О повышении ставок единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в границах Аккольского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении ставок единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в границах Аккольского района
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Ақкөл ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С 15-2
- Қабылданған күні
- 04.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2018 115289_296800.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BC006115
- ЭКБ идентификаторы
- 115289
- Редакция идентификаторы
- 115289_296800
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:44
0 Қазақстан Республикасының жер
заңнамасына сәйкес Ақкөл ауданының
шекараларында пайдаланылмайтын
ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге бірыңғай жер салығының
мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 444 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Ақкөл ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
2
2. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 наурыздағы № С 46-9 «Ақкөл ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығы мөлшерлемесін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4780 тіркелген, 2015 жылғы 8 мамырда аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины КZ» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақкөл ауданының әкімі
Т. Едігенов
4 қазан 2017 жыл
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
Кірістер комитеті Мемлекеттік
кірістер департаментінің Ақкөл
ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» Республикалық
мемлекеттік мекеме басшысы
А.С.Мұстафин
4 қазан 2017 жыл