Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность

Ереже · № 3 · қабылданған 15.09.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115301/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность Күшін жойған Ереже ·№ 3 ·15.09.2017
23.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность

Күшін жойған Ереже ·№ 3 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность
Атауы (қаз.)
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3
Қабылданған күні
15.09.2017
Көрсетілген редакция
23.12.2021 115301_554311.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17SA004337
ЭКБ идентификаторы
115301
Редакция идентификаторы
115301_554311
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:52

0 Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2 Петропавл қалалық

мәслихатының кезектен тыс
15 сессиясының 2017 жылғы
15 қыркүйектегі №3 шешіміне
№ 1 қосымша
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің

20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Петропавл қаласы әкімдігі (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық шаруашылығы саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.

5 5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6

6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларыга сәйкес атқарылады.

7 7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8 8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3 3. Қорытынды ережелер

10 10. Қадықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қолданыстағы