Құжат мәтініне өту

Об утверждении натуральных норм обеспечения загранучреждений Республики Казахстан автомобилями, телефонной связью

Бұйрық · № 11-1-2/446 · қабылданған 29.09.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115303/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении натуральных норм обеспечения загранучреждений Республики Казахстан автомобилями, телефонной связью Күшін жойған Бұйрық ·№ 11-1-2/446 ·29.09.2017
13.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении натуральных норм обеспечения загранучреждений Республики Казахстан автомобилями, телефонной связью

Күшін жойған Бұйрық ·№ 11-1-2/446 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении натуральных норм обеспечения загранучреждений Республики Казахстан автомобилями, телефонной связью
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін автомобильдермен, телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11-1-2/446
Қабылданған күні
29.09.2017
Көрсетілген редакция
13.11.2020 115303_505584.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015905
ЭКБ идентификаторы
115303
Редакция идентификаторы
115303_505584
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:46

0 Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін автомобильдермен, телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69 - бабының 2 - тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:

1 1) осы бұйрықтың 1 - қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

2 2) осы бұйрықтың 2 - қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары.

2 2. Жалпы штат саны 877 адам болатын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері үшін автомобильдердің шекті саны 646 бірлік көлемінде белгіленсін.

3

3. Қызметтік автомобиль – лауазымдарының атауы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларында көзделген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері персоналы қатарындағы адамдарға дербес көліктік қызмет көрсетуге арналған жеңіл автомобиль.
Кезекші автомобиль – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларында көзделген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері персоналына көліктік қызмет көрсетуге арналған жеңіл автомобиль немесе микроавтобус.
Арнайы автомобиль – болу мемлекеттеріне ресми және жұмыс-сапарларымен немесе жол-жөнекей сапарлармен келетін мемлекет және үкімет басшыларының, Сыртқы істер министрінің сапарларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Төтенше және Өкілетті Елшілерді олар ресми хаттамалық іс-шараларға қатысқан кезде көліктік қамтамасыз етуге арналған жеңіл автомобиль.

4 4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті:

1 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет - ресурсында орналастырылуын;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық сараптама басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің м.а.
__________________Б.Сұлтанов
2017 жылғы 2 қазан

1 Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2017 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 11-1-2/446 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары

р/с
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы лауазымдарының атауы
Автомобильдер саны
Қозғалтқыштың көлемі, текше сантиметр
қызметтік
кезекші
1
2
3
4
5
1.
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты өкілі
әрбір штаттық бірлікке -1*
2.
Сенімді уәкіл, Бас консул
әрбір штаттық бірлікке -1
4000-нан артық емес
3.
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары, кеңесші уәкіл, Консул-консулдықтың басшысы
әрбір штаттық бірлікке -1
3000-нан артық емес
4.
Осы кестенің 1,2,3 жолдарында көрсетілген лауазымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы
штаттық персоналдың екі бірлігіне -1**
3000-нан артық емес
1
2
3
4
5
5.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы
штатық саны 8 немесе одан артық адамнан тұратын Қазақстан Республикасының әрбір шет елдегі мекемесіне
1 микроавтобус
3000-нан артық емес
Ескерту:
* осы тармақта көзделген әрбір штаттық бірлікке бір бірлік арнайы автомобиль қосымша бөлінеді;
** Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде персоналдың екінші штаттық бірлігі жоқ болған жағдайда, кезекші автомобильдің толық бірлігі беріледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жауапты хатшысының немесе оның міндетін ақарушы адамның бұйрығымен шет мемлекеттерге іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасының ресми делегацияларының және өкілдерінің бару қарқындылығы жоғары болып табылатын болу мемлекеттеріндегі Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері үшін осы Бұйрықтың 2-тармағымен белгіленген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне арналған автомобильдердің шекті санының шеңберінде кезекші автомобильдердің қосымша саны бөлінеді.
Осы бұйрық қолданысқа енген сәтте немесе кейіннен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің штаттық кестесі өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі автомобильдердің нақты санының артылуы автокөліктердің физикалық тозуы салдарынан есептен шығарылуына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі басқа мекемелерінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ведомстволық бағынышты ұйымдардың теңгеріміне және Қазақстан Республикасының өзге де заңды тұлғаларына тапсырылуына қарай Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін автомобильдермен қамтамасыз етудің осы заттай нормаларына сәйкес келтіріледі.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері автомобильдер үшін ай сайынғы жүріс шектеулерін өз бетінше орнатады, бірақ ол автомобильдер санын айына 2600 (екі мың алты жүз) шақырымдық есептік нормасына көбейту арқылы есептелетін сол Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі бойынша автомобильдердің жалпы шегінен аспауы тиіс.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін автомобильдермен қамтамсыз етудің осы заттай нормаларындағы автомобильдер үшін жүріс шегі шет елдегі мекеменің персоналын қызметтік қажеттілік бойынша жақын елді мекендерге автомобильмен жіберген жағдайлардағы жүрісті қамтымайды.

2 Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2017 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 11-1-2/446 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары

р/с
Телефон байланысы түрлерінің атауы
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы лауазымдарының атауы
1
2
3
1.
Қалалық нөмірлері бар телефон байланысы
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы
2.
Болу мемлекетінің ішіндегі қалааралық телефон байланысы*
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы
3.
Халықаралық телефон байланысы
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты өкілі, Сенімді уәкіл, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары, Бас консул, кеңесші уәкіл, Консул – консулдықтың басшысы, аға бухгалтер, бухгалтер, кеңсе меңгерушісі, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес консулдық функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері
4.
Ұялы байланыс**
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты өкілі, консулдық мекеменің басшысы, консулдық бөлімнің басшысы немесе бөлім болмаған жағдайда, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес консулдық функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Елшілігінің қызметкері
1
2
3
5.
Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің кезекші нөмірі бойынша ұялы байланысы***
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы
Ескерту:
*Телефон байланысының бұл түрі стационарлық телефоннан ұялы байланыс желілеріне қоңырауларды да қамтиды;
** Ұялы байланысты қамтамасыз ету бойынша шығындарды өтеу ұялы байланыс қызметін алу фактісін растайтын құжаттардың негізінде ай сайын жүзеге асырылады, бірақ осы кестенің 4-тармағында көзделген адамдардың шетел валютасындағы ай сайынға лауазымдық айлықақысының 3 пайызынан аспайтын көлемде;
***Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесін кезекші нөмір бойынша ұялы байланысымен қамтамасыз ету шығындарын өтеу ұялы байланыс қызметін алу фактісін растайтын қужаттардың негізінде ай сайын жүзеге асырылады, бірақ болу мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің ай сайынға лауазымдық айлықақысының 0,5 пайызынан аспайтын көлемде.
Сондай-ақ, телефон байланысымен Қазақстан Республикасы Төтенше және Өкілетті Елшілерінің, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдерінің резиденциялары қамтамасыз етіледі.

Қолданыстағы