О дополнительном лекарственном обеспечении
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном лекарственном обеспечении
- Атауы (қаз.)
- Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-15-4
- Қабылданған күні
- 29.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2020 115338_484796.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17B0006122
- ЭКБ идентификаторы
- 115338
- Редакция идентификаторы
- 115338_484796
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:46
0 Қосымша дәрі-дәрмекпен
қамтамасыз ету туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Амбулаториялық емделу кезінде «Ювенильді идиопатиялық артрит» ауруынан зардап шегетін азаматтарға «Адалимумаб», «Тоцилизумаб» дәрілік заттары, «Өкпе гипертензиясы» ауруынан зардап шегетін азаматтарға «Риоцигуат» дәрілік заты, «Буллезді эпидермолиз» ауруынан зардап шегетін азаматтарға арнайы тағамдар, ағзалар мен тіндерді транспланттауды өткен азаматтарға «Вальцит» дәрілік заты, орфандық ауруларымен зардап шегетін азаматтарға «Адамның қалыпты иммуноглобулині» дәрілік заты уәкілетті органмен бекітілген тізбеге сәйкес, «Созылмалы вирустық С гепатиті» ауруынан зардап шегетін азаматтарға «Пегинтерферон альфа 2b» дәрілік заты, «Целиакия» ауруынан зардап шегетін 18 жасқа дейінгі балаларға арнайы емдік тағамдар, «Эпилепсия» ауруынан зардап шегетін 18 жасқа дейінгі балаларға «Вигабатрин», «Сультиам», «Клобазам» дәрілік заттары, «Шашыранды склероз» ауруынан зардап шегетін азаматтарға «Пегинтерферон бета-1а» дәрілік заты тегін, облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша берілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысының денсаулық
сақтау басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________С. Қисықова
2017 жылғы «_29__»___09_________
«Ақмола облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ Б. Малғаждаров
2017 жылғы «_29__»___09_________