Об установлении ограничительных мероприятий в селе Каражал Божыгурского сельского округа Жарминского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий в селе Каражал Божыгурского сельского округа Жарминского района
- Атауы (қаз.)
- Жарма ауданының Божығұр ауылдық округінің Қаражал ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 22.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2017 115389_291805.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VJG04589
- ЭКБ идентификаторы
- 115389
- Редакция идентификаторы
- 115389_291805
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:40
0 Жарма ауданының Божығұр ауылдық
округінің Қаражал ауылында
шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 275 ұсынысы негізінде, Божығұр ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1 1. Ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Жарма ауданының Божығұр ауылдық округінің Қаражал ауылында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысы (Ж. Саржаков, келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жарма аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (Г. Құлжанбекова, келісім бойынша) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4 4. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық
бақылау және қадағалау комитетінің
Жарма аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесі басшысы Ж. Саржаков
«22»_06_ 2016 жыл
«Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Жарма аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы Г. Құлжанбекова
«22»_06_2016 жыл