Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 02.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2018 115459_299763.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17NMA07256
- ЭКБ идентификаторы
- 115459
- Редакция идентификаторы
- 115459_299763
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:45
0 Шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және «Казақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысының 2017 жылғы 08 тамыздағы № 01-20/195 ұсынысы негізінде, Айдарлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округінің Герцено ауылы аумағында орналасқан құтыру ауруының пайда болуына байланысты Епифанов Виктор Николаевичтің ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шараушылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Қарасу аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарасу ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________Бейсенов А.Б.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шараушылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Қарасу
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесіненің басшысы
________________Таукеев Е.А.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы денсаулық
сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық
сақтау комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Қарасу аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________Кайзер В.В.