Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Акмолинской области

Ереже · № 6С-15-3 · қабылданған 29.09.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115488/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Акмолинской области Күшін жойған Ереже ·№ 6С-15-3 ·29.09.2017
27.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Акмолинской области

Күшін жойған Ереже ·№ 6С-15-3 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Акмолинской области
Атауы (қаз.)
Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С-15-3
Қабылданған күні
29.09.2017
Көрсетілген редакция
27.06.2024 115488_708756.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17B0006124
ЭКБ идентификаторы
115488
Редакция идентификаторы
115488_708756
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:46

0 Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-6-тармағына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Ақмола облысының ішкі істер
департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ Е. Сәденов
2017 жылы «_29__»____09________
«Ақмола облысының жұмыспен қамтуды
және әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________ Д. Ахмеджанова
2017 жылғы «_29__»_____09_______

3 Ақмола облыстық мәслихатының

2017 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 6С-15-3 шешімімен
бекітілді
Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысымен бекітілген Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына және басқа нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және келісімдерге сәйкес әзірленді және Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеудің тәртібін айқындайды.

2 2. Көші-қон процестерін реттеу:

адамның тұрғылықты жерді еркін таңдау, еңбек ету еркіндігін және қызмет түрі мен кәсібін өз қалауынша таңдауға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге;
кету және орын ауыстыру бостандығына;
шығу тегі, әлеуметтік және мүліктік жағдайы немесе өзге де мән-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.

3 3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғым:

қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.

2 2-тарау. Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу тәртібі

4 4. Ақмола облысында көші-қон процестерін мониторингтеу, олардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының жай-күйіне, экологиялық ахуалына әсері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Ақмола облысындағы көші-қон процестерінің ерекшеліктеріне халықтың тығыздығы, көшіп келу, эмиграция, еңбек көші-қоны, ішкі көші-қон ағыны, урбандалу процесі, өңірдің экологиялық және діни жағдайы, халықтың ұлттық құрамы, өңірлік еңбек нарығының теңгерімділігі жатады.

5 5. Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

қандастарды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын белгілеуге (алып тастауға);
шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);
қандастарды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квотасын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

6 6. Қандастарды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына сәйкес жүзеге асырылады.

7

7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.

8 8. Мониторингті қамтамасыз ету және көші-қон жағдайының дамуын болжау, жұмыспен қамту, мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер салу мәселелерін шешу, әлеуметтік-экономикалық дамытуды жоспарлау мақсатында халықты тіркеу есебі жүзеге асырылады.

9 9. Қазақстан Республикасының азаматтарын, Ақмола облысында уақытша болатын немесе тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты және (немесе) уақытша болатын (тұратын) жеріне тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

10 10. Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелетін көші-қон процестерін реттеу саласында өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Қолданыстағы