Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қаулы · № 161-қ · қабылданған 10.10.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115565/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Қолданыста Қаулы ·№ 161-қ ·10.10.2017
29.08.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қолданыста Қаулы ·№ 161-қ · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Атауы (қаз.)
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
161-қ
Қабылданған күні
10.10.2017
Көрсетілген редакция
29.08.2019 115565_420792.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17LC006000
ЭКБ идентификаторы
115565
Редакция идентификаторы
115565_420792
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:40

0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз

етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің кейбір мәселелері
туралы
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Арал ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Мейірбековке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қызылорда облысының
Ішкі істер департаменті Арал ауданының
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
___________ А. Косбармаков
«10» қазан 2017 жыл

4 Арал ауданы әкімдігінің

2017 жылғы «10» қазандағы № 161-қ қаулысына
қосымша
Арал ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2 2. Көтермелеудің тәртібі

2 2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Арал ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

3

3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi ұсыныстарды Комиссияға қарауға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының полиция департаментi Арал ауданының полиция бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Полиция бөлімі) енгiзедi.

4 4. Комиссияның құрамына аудандық жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, полиция бөлімінің өкiлдерi енгiзiледi.

5 5. Комиссия қабылдаған шешiм –көтермелеу үшiн, ал комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес полиция бөлімі бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшiн негiз болып табылады.

6 6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3 3. Ақшалай сыйақының мөлшері

7

7. Ақшалай сыйақының мөлшерiн комиссия қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге көтермеленетiн адамның қосқан үлесiн және ол немесе оның қатысуымен жолы кесiлген құқыққа қарсы әрекеттiң нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың көлемiн ескере отырып белгiлейдi және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

8 8. Ақшалай сыйақыны төлеудi көтермелеуге ұсыныс енгiзген полиция бөлімі облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Қолданыстағы