Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қаулы · № 240 · қабылданған 16.10.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115599/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Қолданыста Қаулы ·№ 240 ·16.10.2017
11.02.2022 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қолданыста Қаулы ·№ 240 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Атауы (қаз.)
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
240
Қабылданған күні
16.10.2017
Көрсетілген редакция
11.02.2022 115599_561078.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17LH006002
ЭКБ идентификаторы
115599
Редакция идентификаторы
115599_561078
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:36

0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз

етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлері мен
тәртібін, сондай-ақ оларға
ақшалай сыйақының мөлшерін
айқындау туралы
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сырдария ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қызылорда облысының
полиция департаменті Сырдария ауданының
полиция бөлімімен».

4 Сырдария ауданы әкімдігінің

2017 жылғы 16 қазандағы № 240
қаулысына қосымша
Сырдария ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2 2. Көтермелеудің тәртібі

2 2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдем қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Сырдария ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

3

3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияға қарауға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының полиция департаментi Сырдария ауданының полиция бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Полиция бөлімі) енгiзедi.

4 4. Комиссияның құрамына аудандық жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, полиция бөлімінің өкілдері енгізіледі.

5 5. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес полиция бөлімі бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.

6 6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3 3. Ақшалай сыйақының мөлшері

7

7. Ақшалай сыйақының мөлшерін комиссия қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көтермеленетін адамның қосқан үлесін және ол немесе оның қатысуымен жолы кесілген құқыққа қарсы әрекеттің нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың көлемін ескере отырып белгілейді және ол, әдетте, 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

8 8. Ақшалай сыйақыны төлеуді көтермелеуге ұсыныс енгізген полиция бөлімі облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Қолданыстағы