О переименовании и изменении транскрипции некоторых населенных пунктов Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании и изменении транскрипции некоторых населенных пунктов Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысының кейбір елді мекендерін қайта атау және транскрипциясын өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 154/16
- Қабылданған күні
- 16.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 16.10.2017 115638_249172.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17P0015416
- ЭКБ идентификаторы
- 115638
- Редакция идентификаторы
- 115638_249172
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:37
0 Павлодар облысының кейбір
елді мекендерін қайта атау және
транскрипциясын өзгерту
туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының
11-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 30 мамырдағы және 2017 жылғы 15 тамыздағы қорытындылары негізінде, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Павлодар облысының кейбір елді мекендері:
1 1) Баянауыл ауданы бойынша:
Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінің «Большевик» ауылы «Шоманкөл» ауылы болып;
Баянауыл ауданы Шөптікөл ауылдық округінің «ЦЭС» ауылы «Майкөбе» ауылы болып;
Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің «ТЭЦ» ауылы «Үйтас» ауылы болып;
Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінің «Күркелі» ауылы «Жұмат Шанин» ауылы болып қайта аталсын;
2 2) Павлодар қаласы бойынша:
Павлодар қаласы «Муялды» ауылы атауының транскрипциясы «Мойылды» ауылы деп өзгертілсін.
2 2. Осы қаулы және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.