Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача разрешения на свидания с ребенком родителям, лишенным родительских прав, не оказывающие на ребенка негативного влияния»

Қаулы · № 904 · қабылданған 11.10.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115655/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача разрешения на свидания с ребенком родителям, лишенным родительских прав, не оказывающие на ребенка негативного влияния» Күшін жойған Қаулы ·№ 904 ·11.10.2017
14.05.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача разрешения на свидания с ребенком родителям, лишенным родительских прав, не оказывающие на ребенка негативного влияния»

Күшін жойған Қаулы ·№ 904 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача разрешения на свидания с ребенком родителям, лишенным родительских прав, не оказывающие на ребенка негативного влияния»
Атауы (қаз.)
«Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
904
Қабылданған күні
11.10.2017
Көрсетілген редакция
14.05.2018 115655_328923.kaz
Соңғы өзгеріс
14.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17L0006004
ЭКБ идентификаторы
115655
Редакция идентификаторы
115655_328923
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:40

0 «Балаға кері әсер етпейтін

ата-ана құқықтарынан
айырылған ата-аналарға
баламен кездесуіне рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Р. Рүстемовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қызылорда облысы әкімдігінің

2017 жылғы «11» қазандағы
№ 904 қаулысына қосымша
«Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған
ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: облыстық маңызы бар қаланың және аудандардың білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11184 болып тіркелген) бекітілген «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшасына сәйкес балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне қамқорлық және қорғаншылық органның рұқсаты немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша, сондай-ақ, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 77-бабының 6-тармағына сәйкес кездесу балаға кері әсер ететін болса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – дәлелді бас тарту).

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынуы.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (жиырма минуттан аспайды);

егер көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады (жиырма минуттан аспайды);

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (жиырма минуттан аспайды);

4

4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды, заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) немесе дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (төрт жұмыс күні ішінде);

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатқа немесе дәлелді бас тартуға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (жиырма минуттан аспайды);

6 6)  көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді (жиырма минуттан аспайды).

Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.

8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

26 «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан

айырылған ата-аналарға баламен кездесуге рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша
рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу
тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы
1
Рә­сім­нің
(іс-қи­мыл­дың) нө­мі­рі
1
2
3
4
5
2
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің орын­да­у­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
3
Рә­сім­нің (іс-қи­мыл­дың) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
құ­жат­тар­ды тір­кей­ді
неме­се өті­ніш­ті қа­был­да­удан бас тар­та­ды
құ­жат­тар­ды қа­рай­ды
құ­жат­тар­ды қа­рай­ды және рұқ­сат­ты неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды дай­ын­дай­ды
рұқ­сат­қа неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ға қол қо­яды
рұқ­сат­ты неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды тір­кей­ді
4
Ке­ле­сі рә­сім­ді
(іс-қи­мыл­ды) орын­да­уды ба­стау үшін негіз бо­ла­тын мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту бой­ын­ша рә­сім (іс-қи­мыл) нәти­же­сі
құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін
қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің
бас­шы­сы­на ұсы­на­ды
құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің орын­да­у­шы­сы­на жол­дай­ды
рұқ­сат­ты неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на ұсы­на­ды
рұқ­сат­ты неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­ріне жол­дай­ды
рұқ­сат­ты неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті
алушы­ға бе­ре­ді
5
Орын­да­лу мерзi­мi
20 ми­нут­тан ас­пай­ды
20 ми­нут­тан ас­пай­ды
4 жұ­мыс кү­ні ішін­де
20 ми­нут­тан ас­пай­ды
20 ми­нут­тан ас­пай­ды

27 «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан

айырылған ата-аналарға баламен кездесуге рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер)
арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы
Көрсетілетін қызметті алушы: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну

28 «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан

айырылған ата-аналарға баламен кездесуге рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3- қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы