Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность на территории Махамбетского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность на территории Махамбетского района
- Атауы (қаз.)
- Махамбет ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 177
- Қабылданған күні
- 19.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2021 115658_536101.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17TC003980
- ЭКБ идентификаторы
- 115658
- Редакция идентификаторы
- 115658_536101
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:35
0 Махамбет ауданы аумағында сот
шешімімен коммуналдық меншікке
түскен болып танылған иесіз
қалдықтарды басқару қағидаларын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Махамбет ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Р.Тұрдағали) жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Махамбет аудандық
мәслихатының 2017 жылғы
19 қазандағы №177
шешіміне қосымша
Махамбет ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Махамбет ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды ( бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртібін анықтайды.
2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.
4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде «Махамбет аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
5 5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына» сәйкес атқарылады.