Об утверждении Правил отнесения юридических лиц к градообразующим и ведения их перечня
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил отнесения юридических лиц к градообразующим и ведения их перечня
- Атауы (қаз.)
- Заңды тұлғаларды қала салушыларға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргізу ережесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 325
- Қабылданған күні
- 18.03.2002
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2015 AI11566_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020000325_
- ЭКБ идентификаторы
- 11566
- Редакция идентификаторы
- AI11566_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:14
0 Заңды тұлғаларды қала салушыларға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргізу ережесiн бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 727 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1 1. Қоса берiлiп отырған Заңды тұлғаларды қала салушыларға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2 2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi қала салушы заңды тұлғалардың тiзбесiн жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1184 қаулысымен .
3 3. Мемлекеттiк уәкiлеттi орган 30 (отыз) күннiң iшiнде Қазақстан Республикасының қала салушы заңды тұлғаларының тiзбесiн бекiтсiн.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануы тиiс.
0 Заңды тұлғаларды қала салушыларға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 18 наурыздағы
N 325 қаулысымен
бекiтiлген
Заңды тұлғаларды қала салушыларға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу ережесi
1 1. Заңды тұлғалар қала салушылардың тiзбесiне (бұдан әрi - Тiзбе) мынадай өлшемдердiң бiрi бойынша:
1 1) заңды тұлға өндiрiсiнiң көлемi өндiрiстiң жалпы қалалық көлемiнiң 14 пайызынан асқанда;
2 2) заңды тұлғада жұмыс iстейтiндердiң саны қаланың еңбекке қабiлеттi халқы санының 14 пайызынан асқанда;
3 3) заңды тұлғада iстейтiндердiң саны қаланың еңбекке қабiлеттi халқы санының 10 пайызынан асқанда және өндiрiстiң жалпы қалалық көлемiнде заңды тұлғаның үлесi 10 пайыздан асқанда енгiзiледi.
2
2. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмияттары (бұдан әрi - Әкiмияттар) заңды тұлғаның аймақ үшiн әлеуметтiк-экономикалық мәнiн негiзге ала отырып, мемлекеттiк уәкiлеттi органға осы Ереженiң 1-тармағында көзделген өлшемдерге сәйкес оны Тiзбеге енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды және ол туралы ақпаратты ұсынады.