Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил установления запретных для плавания и временно опасных для плавания районов

Бұйрық · № 455 · қабылданған 16.08.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115666/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил установления запретных для плавания и временно опасных для плавания районов Қолданыста Бұйрық ·№ 455 ·16.08.2017
30.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил установления запретных для плавания и временно опасных для плавания районов

Қолданыста Бұйрық ·№ 455 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил установления запретных для плавания и временно опасных для плавания районов
Атауы (қаз.)
Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
455
Қабылданған күні
16.08.2017
Көрсетілген редакция
30.04.2024 115666_699032.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015949
ЭКБ идентификаторы
115666
Редакция идентификаторы
115666_699032
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:08

0 Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
генерал-лейтенант
A. Күреңбеков
2017 жылғы 29 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Мәсімов
2017 жылғы 6 қазан

0 Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 455 бұйрығымен
бекітілген
Жүзуге тыйым салынған
және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу тәртібін айқындайды.

2

2. Оқу-жаттығулар өткізуді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны және күзету іс-шараларын жүргізу кезінде ішкі теңіз суларында және аумақтық теңізде (бұдан әрі – теңіз) жүзу, зәкірге қою, теңіз сүтқоректілерін ұстау, су биологиялық ресурстарын ұстаудың (аулаудың) су түбіндегі құралдарымен балық аулауды, суасты жарылыстарын жүзеге асыру, бос қойылған зәкір шынжырымен жүзу, ұшу аппараттарының ұшып өтуі, қалықтап тұруы және қонуы (су бетіне қонуы) және басқа да қызмет үшін шектелген жүзуге тыйым салынған аудандар және жүзуге уақытша қауіпті аудандар белгіленеді.

3 3. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) гидрографиялық қызмет – теңіз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету міндеттерін орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі) республикалық мемлекеттік мекемесі;

2

2) жүзуге тыйым салынған аудан – онда жүзуге тыйым салынған немесе жүзу, зәкірге қою, теңіз сүтқоректілерін ұстау, су биологиялық ресурстарын ұстаудың (аулаудың) су түбіндегі құралдарымен балық аулауды, суасты жарылыстарын жүзеге асыру, бос қойылған зәкір шынжырымен жүзу, ұшу аппараттарының ұшып өтуі, қалықтап тұруы және қонуы (су бетіне қонуы) және басқа да қызмет үшін шектелген теңіз ауданы;

3

3) жүзуге уақытша қауіпті аудан – онда белгілі бір мерзімге жүзуге тыйым салынған немесе жүзу, зәкірге қою, теңіз сүтқоректілерін ұстау, су биологиялық ресурстарын ұстаудың (аулаудың) су түбіндегі құралдарымен балық аулауды, суасты жарылыстарын жүзеге асыру, бос қойылған зәкір шынжырымен жүзу, ұшу аппараттарының ұшып өтуі, қалықтап тұруы және қонуы (су бетіне қонуы) және басқа да қызмет үшін шектелген теңіз ауданы;

4 4) өтініш беруші – жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу үшін Қорғаныс министрлігіне өтініш беретін мемлекеттік орган немесе ұйым;

5 5) теңізде жүзушілерге хабарлама – теңізде жүзу құралына (карталарға, лоцияларға) енгізу үшін интернет, факсимильді, телефон және өзге де байланыс құралдары арқылы берілетін навигациялық жағдайдағы өзгерістер туралы гидрографиялық қызмет шығаратын ақпараттық бюллетень.

2 2-тарау. Жүзуге тыйым салынған аудандарды немесе жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу тәртібі

4

4. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу үшін Қорғаныс министрлігіне өтініш (бұдан әрі – өтініш) жолдайды.

5 5. Жүзуге тыйым салынған ауданды немесе жүзуге уақытша қауіпті ауданды белгілеу туралы шешім Қорғаныс министрлігі өтінішті алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қабылданады.

6 6. Өтініш беруші өтініште көзделген мәліметтерді толық немесе нақты ұсынбаған жағдайда Қорғаныс министрлігі өтінішті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті қарамай кері қайтарады.

7 7. Гидрографиялық қызмет өтінішті алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілген географиялық координаталарда жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті ауданды белгілеу мүмкіндігін немесе мүмкін еместігін келіседі.

8

8. Қорғаныс министрлігі гидрографиялық қызметпен келіскеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды және «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-5-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті ауданды белгілейді немесе жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті ауданды белгілеуден бас тартады, бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

9

10 10. Жүзуге тыйым салынған аудандардың шекаралары теңіз навигациялық карталарында және теңізде жүзуге арналған құралдарда көрсетіледі. Осы аудандарға қатысты өзгерістер теңізде жүзушілерге хабарламаларда жарияланады.

11

11. Аудан бұл туралы теңізде жүзушілерге хабарламаларда жарияланған сәттен бастап жүзуге тыйым салынған және бұл туралы мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етілген сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң жүзуге уақытша қауіпті болып саналады және теңізде жүзушілерге хабарламада көрсетілген мерзімдерде қолданылады.

12

12. Заңның 8-5-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық жедел штабтың басшысы немесе МКҚ бастығы жүзуге тыйым салынған ауданды белгілеу немесе оны жүзуге ашу туралы шешім қабылдаған кезде жүзуге тыйым салынған ауданның координаталары гидрографиялық қызметтің теңізде жүзушілерге хабарламаны жедел басып шығаруы үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұлттық қорғанысты басқару орталығына беріледі.

13 13. Терроризмге қарсы операцияны немесе күзету іс-шараларын жүргізу кезінде аудан республикалық жедел штабтың басшысы немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы шешім қабылдаған сәттен бастап жүзуге тыйым салынған болып саналады.

1 Жүзуге тыйым салынған және

жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу
қағидаларына
қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
_________________________________
_________________________________
_________________________________
(мемлекеттік органның/ұйымның атауы,
мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы)
Жүзуге тыйым салынған
немесе жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу үшін
өтініш
1. Жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті аудандардың мақсаттары және арналуы
_____________________________________________________________________________________
________________________________________ байланысты
2. Жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті ауданның белгіленетін географиялық координаталарының негіздемесі:
1) 1-нүкте: ендігі_______ бойлығы _______
2) 2-нүкте: ендігі_______ бойлығы _______
3) 3-нүкте: ендігі_______ бойлығы _______
4) 4-нүкте: ендігі_______ бойлығы _______
5) ……….
_________________________________________________________________
(СК-42 координаталары жүйесінде нүктелер сағат тілі бойынша саналады)
3. Ықтимал шиеленіс (авариялық) жағдайларын талдау, олардан сақтандыру жөніндегі іс-шаралар
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
4. Жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті ауданды белгілеу себебі мен қажеттілігінің негіздемесі ________________________ _______________________________________________________
5. Жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті ауданға енгізілетін шектеулер
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(шектеулер түрлері және олардың қолданылу мерзімдері)
6. Қоса берілетін құжаттар:
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
Ұйымның басшысы (лауазымы) ___________ _____________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған кезде)
20___ жылғы «___»________

Қолданыстағы