Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Бокейординскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Бокейординскому району
- Атауы (қаз.)
- Бөкей ордасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12-5
- Қабылданған күні
- 10.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2023 115675_629627.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ZD004940
- ЭКБ идентификаторы
- 115675
- Редакция идентификаторы
- 115675_629627
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:41
0 Бөкей ордасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі
№ 98 «Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2 2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А.Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Бөкей ордасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Бөкей ордасы аудандық мәслихатының
2017 жылғы 10 қазандағы №12-5
шешіміне қосымша
Бөкей ордасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және
жинақталу нормалары
№
Объектінің түрі
Есептік бірлік
м3/жыл
1.
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
1,1
2.
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және тағы сол сияқтылар
1 орын
1,13
3.
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
1,13
4.
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,4
5.
Мекемелер, ұйымдар, офистер, банктер, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,22
6.
Емхана
1 адам
0,04
7.
Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек - орын
2,06
8.
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,13
9.
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 орын
1,16
10.
Театрлар, кинотеатрлар, мәжіліс залдары, түнгі клубтар, ойын-сауық орталықтары
1 орын
0,2
11.
Мұражай, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
0,8
12.
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
0,13
13.
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
0,21
14.
Дүкендер, супермаркеттер, базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1 м2
0,8
15.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары
Жалпы алаңы 1 м2
0,22
16.
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
0,44
17.
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильдерге жанармай құю бекеттері, гараждар
1 машина - орын
0,11
18.
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
0,11
19.
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
0,23
20.
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1 м2
0,13
21
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,13
22.
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
0,26
23.
Аудан аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар
1000 қатысушы
0,8
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
м2 - шаршы метр;
м3 – куб метр.