Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Шемонаихинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Шемонаихинскому району
- Атауы (қаз.)
- Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17/7-VІ
- Қабылданған күні
- 16.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 11.02.2022 115691_579467.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.02.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VS005269
- ЭКБ идентификаторы
- 115691
- Редакция идентификаторы
- 115691_579467
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:37
0 Шемонаиха ауданы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу
нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 тіркелген) Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Шемонаиха аудандық мәслихатының
2017 жылғы 16 қазандағы
№ 17/7-VI шешімімен бекітілген
Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
1 есептік бірлік куб метрге, жылдық норма
1
Жайлы үйлер
1 тұрғын
1,40
Жайлы емес үйлер
1 тұрғын
1,50
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері
1 орын
1,17
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
1,14
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,39
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
1,26
6
Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек -орын
1,30
7
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,12
8
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 орын
1,22
9
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 орын
0,12
10
Мұражайлар, көрмелер
жалпы алаңы 1 м²
0,04
11
Стадиондар, спорт алаңдары
жоба бойынша 1 орын
0,08
12
Спорт, би және ойын залдары
жалпы алаңы 1м²
0,09
13
Азық-түлік дүкендері
сауда алаңы 1м²
0,85
14
Машиналардан сату
сауда орны 1 м²
1,27
15
Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер
сауда алаңы 1м²
0,21
16
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
сауда алаңы 1м²
0,52
17
Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңы 1м²
0,26
18
Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңы 1м²
0,29
19
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
жалпы алаңы 1м²
0,05
20
Жағажайлар
жалпы алаңы 1м²
0,23
21
Дәріханалар
сауда алаңы 1м²
0,46
22
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильдерге жанармай құю станциялары, гараждар
1 машина-орын
1,83
23
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
1,69
24
Гараж кооперативтері
1 гаражға
0,29
25
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
2,09
26
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
жалпы алаңы 1м²
0,23
27
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
жалпы алаңы 1м²
0,42
28
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)
1 жұмыс орны
2,61
29
Санитарлық-гигиеналық үй-жайлар
жалпы алаңы 1м²
0,33
30
Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар
1000 қатысушы
0,15