Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли с автолавок и (или) палаток (павильонов) субъектам торговой деятельности на территории города Кульсары
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли с автолавок и (или) палаток (павильонов) субъектам торговой деятельности на территории города Кульсары
- Атауы (қаз.)
- Құлсары қаласы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 372
- Қабылданған күні
- 03.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 21.04.2021 115695_519526.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17TB003970
- ЭКБ идентификаторы
- 115695
- Редакция идентификаторы
- 115695_519526
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:44
0 Құлсары қаласы аумағында сауда
қызметі субъектілеріне автодүкендерде
және (немесе) шатырларда (павильондарда)
көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін
бөлінген арнайы орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8-бабының 2), 3) тармақшаларына және 27 бабына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Құлсары қаласы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ахметовке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Атырау облысының Ішкі Істер
департаменті Жылыой ауданының
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
(келісім бойынша)
«3» қазан 2017 жыл
С.Калиев
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің Қоғамдық
денсаулық сақтау комитеті Атырау
облысы Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Жылыой аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
(келісім бойынша)
«3» қазан 2017 жыл
Д.Жарылгасова
4 Жылыой ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «03» қазан
№ 372 қаулысына қосымша
Құлсары қаласы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
№
Арнайы бөлінген орындар
Сауда орындарының саны
1
М.Кенғанов көшесі
3 шағын ауданы, №7 үйдің алды
13
2
Т.Бекбаулиев көшесі, «Беркад» сауда орталығының маңы
10
3
Махамбет даңғылы бойындағы №1 мектепке қарсы
4
4
С.Датов көшесі, №20 мектеп пен «Талғат» дүкенінің маңы
10
5
М.Таңқыбаев көшесі, «Пирамида» дүкенінің маңы
10
6
Ж.Аймауытов көшесі, «Ақ Отау» мейрамханасының алды
10