О работе Восточно-Казахстанского территориального комитета госимущества и приватизации по мониторингу деятельности управляющих фирм по финансовому оздоровлению предприятий, переданных под внешнее управление
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О работе Восточно-Казахстанского территориального комитета госимущества и приватизации по мониторингу деятельности управляющих фирм по финансовому оздоровлению предприятий, переданных под внешнее управление
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан меммүлік және жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитетінің фирма басқарушыларының сыртқы басқаруға берілген кәсіпорындарды қаржылық сауықтару жөніндегі іс-қимылдарының мониторингі жөніндегі жұмысы туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 540-к
- Қабылданған күні
- 29.06.1998
- Көрсетілген редакция
- 29.06.1998 1157_256905.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98V0000056
- ЭКБ идентификаторы
- 1157
- Редакция идентификаторы
- 1157_256905
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:39
0 Шығыс Қазақстан меммүлік және жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитетінің фирма басқарушыларының сыртқы басқаруға берілген кәсіпорындарды қаржылық сауықтару жөніндегі іс-қимылдарының мониторингі жөніндегі жұмысы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
Шығыс Қазақстан меммүлiк және жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитетi облыс кәсiпорындарына инвестиция тарту мақсатында 1996 жылдан бастап акционерлiк қоғамдардың меммүлiктiк пакеттерiн мемлекеттiк емес заңды және жеке тұлғалардың сенiмдi басқаруына беру жөнiнде жұмыс жүргiзуде. 1998 жылғы жағдай бойынша сенiмдi басқаруға барлығы 20 акционерлiк қоғам берiлдi.
Фирма басқарушыларының есептерiн тоқсан сайын тыңдап отыру жүргiзiлуде, жұмыс комиссиясы құрылды, кестелер жасалуда.
Шығыс Қазақстан меммүлiк және жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитетi сыртқы басқаруға берген акционерлiк қоғамдарға жоспарланған инвестициялар көлемi басқарудың бүкiл мерзiмi iшiнде 1167,6 млн. теңге болды, ал 1998 жылғы 1 маусымға нақты салынғаны 796,1 мың теңге немесе 68 процент.
Жұмыс комиссиясының мәжiлiстерiнде қараудың қорытындылары бойынша қабылданған мiндеттемелердi орындамауы салдарынан 1997-1998 жылдары 12 акционерлiк қоғам бойынша келiсiм шарттар бұзылды.
Мына фирмалардың басқарушылары: "Карат" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, "Өскемен астық өнiмдерi" акционерлiк қоғамы, " Шығысжөндеуқұрылыс" шағын жекеменшiк кәсiпорны, "Восток и К" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, "Алтай" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк,«"Вurа S.А." жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк тиiстi акционерлiк қоғамдардың: "Топаз", "Черемшанка құс фабрикасы", " Жөндеуқұрылыссервис", "Напитки", "Қалбатау" асыл тұқымды зауыты", "АрасатБалық" акционерлiк қоғамдардың iс-қимылдарын сауықтыра алады. Контракт шарттарын және бизнес-жоспарды толық орындауына байланысты Катонқарағай ауданының жауапкершiлiгi шектеулi "Құнарлылық" серiктестiгiндегi мемлекеттiк үлесi (90 процент) "Азамат" шаруа шаруашылығына мерзiмiнен бұрын сатылды.
Шығыс Қазақстан аумақтық комитетi 1997 жылғы 27 маусымдағы № 35 келiсiм шартпен "Зайсанбалық"» акционерлiк қоғамының мемлекеттік акциялар пакетiн жауапкершiлiгi шектеулi "Жiбек жолы" серiктестiгiне 5 жыл мерзiмiне сенiмдi басқаруға бердi.
Фирма басқарушысы бизнес-жоспар жасады, онда акционерлiк қоғамды дамытуға жалпы сомасы 118 млн. теңгеге ақша қаражаттарын дәйектi 5 кезеңмен салу көзделген.
Жауапкершiлiгi шектеулi "Жiбек жолы" серiктестiгi басқарған кездiң iшiнде "Зайсанбалық" акционерлiк қоғамына 25,5 млн. теңге сомасында ақша қаражаттары салынды немесе жоспарланған инвестициялардың 35 процентi.
Фирма басқарушысы өндiрiстiк кешендi жаңғыртуға күрделi қаржы жұмсамады және ұзақмерзiмдi инвестиция салмады, себебi "Зайсанбалық"» акционерлiк қоғамының акциялар пакетiнiң 50 процентiне жауапкершiлiгi шектеулi "Bura S.А." серiктестiгi ие болып отыр, ал ол балық өндiру мен өңдеу жөнiнде бәсекелес фирма болып табылады. Басқару мерзiмi iшiнде " Зайсанбалық" акционерлiк қоғамы 29.2 млн. теңгенiң тауарлы өнiмiн өндiрдi немесе өткен жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда 80 процентiн. Ауланған балық 1236 тонна немесе 75 процент болды. ¤ндiрiлген бiр тонна балыққа шығын 16370 теңге болды, өткен жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда 20 процент өстi. Барлық қызметкерлердiң тiзiмдiк саны 41 процентке қысқарды. 1 жұмысшыға шаққанда ортаайлық жалақы 7215 теңге болды және екi есе өстi. Оперативтi мәлiметтер бойынша дебиторлық борыш 1998 жылғы 1 маусымға 17, 9 млн. теңге болды.
Кредиторлық борыш - 62,5 млн. теңге немесе басқаруға берген кездегi сомамен салыстырғанда 17 процент өстi. Басқару кезеңi iшiнде бюджетке төлемдер бойынша берешектердi өтеу есебiне "Зайсанбалық" акционерлiк қоғамынан 3,6 млн. теңге түстi.
"Қалбатау" асыл тұқым зауыты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетi 1997 жылғы 11 сәуiрдегi N 46 келiсiм шартпен жауапкершiлiгi шектеулi "Алтай" серiктестiгiне 5 жыл мерзiмiне берiлдi.
Фирма басқарушысы жасаған бизнес-жоспардың негiзгi бағыттары асыл тұқымды мал басын қалпына келтiру және тұрақтандыру, тауарлы табынды көбейту, өңдеушi және қосалқы салаларды дамыту, кредиторлық және дебиторлық борыштарды өтеу болып табылады.
Жауапкершiлiгi шектеулi "Алтай" серiктестiгi акционерлiк қоғам басқармасымен бiрге қолданған шаралар кешенiнiң нәтижесiнде 1997 жылы өндiрiстiң құлдырауы тоқтатылды және мал қыстату ойдағыдай өткiзiлдi, мал шаруашылығын дамыту көрсеткiштерi жақсарды. Мысалы, мал басының саны 1997 жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда 258 басқа көбейдi; әр 100 аналық малдан 65 бұзау, немесе 2, 8 есе артық төл алынды. 35 тонна мөлшерiнде жалпы салмақ алынды немесе 4, 5 есе өстi. Дәндi дақылдардың егiстiк көлемi 1120 гектарға көбейдi. Қызметкерлердiң тiзiмдiк саны 22 адамға көбейдi, қосымша жұмыс орындары ашылды.
Кредиторлық борыш 16 процентке кемiдi және ол 18,6 млн. теңге болды.
Фирма басқарушысы жоспарланған инвестициялар көлемiнен 22,1 млн. теңге салды. Кем алынған инвестиция 6,1 млн. теңге немесе 28 процент.
Шығыс Қазақстан мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттiң кәсiпорындарға инвестициялар қатыстыру және өндiрiстi жандандыру жөнiндегi жұмысын жақсарту мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Шығыс Қазақстан меммүлiк және жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет облыстың акционерлiк қоғамдарының мемлекеттiк акциялар пакетiн басқаруға алған компаниялардың инвестициялық саясатын толық көлемiнде бақыламайды деп атап көрсетiлсiн.
2. Шығыс Қазақстан меммүлiк және жекешелендiру комитетiне (Егiзбаев Ж.Қ.) фирма басқарушыларының 1998 жылдың үш тоқсанының қорытындылары бойынша инвестициялық бағдарламаларды орындау жөнiндегi жұмыс нәтижелерiн қарау мiндеттелсiн. Инвестициялық бағдарламаларды орындамаған жағдайда басқаруға жасалған келiсiм шарт бұзылсын және мемлекеттiк акциялар пакетi сатуға қойылсын.