Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Отрарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Отрарского района
- Атауы (қаз.)
- Отырар ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 317
- Қабылданған күні
- 16.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2021 115700_508031.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17UI004245
- ЭКБ идентификаторы
- 115700
- Редакция идентификаторы
- 115700_508031
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:37
0 Отырар ауданы аумағындағы
көшпелі сауданы жүзеге асыру
үшін арнайы бөлінген орындарды
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2-тармағына және «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Отырар ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Әлішке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Отырар ауданы әкімдігінің
16 қазандағы 2017 жылғы
№ 317 қаулысына қосымша
Отырар ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
р/с
Ауыл округінің атауы
Орналасқан орны
1
Шәуілдір ауыл округі
Шәуілдір ауылындағы Жібек жолы даңғылы мен М.Байтасов көшелерінің қиылысы («Алмас» жанар-жағар май құю бекетінің артындағы ашық алаңқай)
2
Қоғам ауыл округі
Мыңшұқыр елді мекеніні маңындағы Ұ.Арғынбеков көшесі мен Ә.Сарбасұлы көшелерінің қиылысы
3
Шілік ауыл округі
Жаңа Шілік ауылындағы Шәуілдір-Шымкент тас жолымен Қ.Мұңайтпасов көшелерінің қиылысы
4
Көксарай ауыл округі
Көксарай ауылында орналасқан Көксарай көшесінің бойы
5
Ақтөбе ауыл округі
Ақтөбе ауылында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов көшесінің бойы
6
Балтакөл ауыл округі
Балтакөл ауылындағы М.Көбеев көшесімен М.Ажиғабылов көшелерінің қиылысы