Құжат мәтініне өту

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Атырауской, Мангистауской, Восточно-Казахстанской областей и города Алматы

Бұйрық · № 637 · қабылданған 30.10.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115708/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Атырауской, Мангистауской, Восточно-Казахстанской областей и города Алматы Қолданыста Бұйрық ·№ 637 ·30.10.2017
30.10.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Атырауской, Мангистауской, Восточно-Казахстанской областей и города Алматы

Қолданыста Бұйрық ·№ 637 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Атырауской, Мангистауской, Восточно-Казахстанской областей и города Алматы
Атауы (қаз.)
Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
637
Қабылданған күні
30.10.2017
Көрсетілген редакция
30.10.2017 115708_248581.kaz
Соңғы өзгеріс
30.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015958
ЭКБ идентификаторы
115708
Редакция идентификаторы
115708_248581
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:29

0 Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесінің 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 212-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1 1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2017 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

2 2) көлемдері:

Атырау облысы – 1 300 000 000 (бір миллиард үш жүз миллион) теңгеден артық емес;
Маңғыстау облысы – 3 115 550 000 (үш миллиард жүз он бес миллион бес жүз елу мың) теңгеден артық емес;

3 3) Шығыс Қазақстан облысы – 2 810 000 000 (екі миллиард сегіз жүз он миллион) теңгеден артық емес;

4 4) Алматы қаласы – 2 900 000 000 (екі миллиард тоғыз жүз миллион) теңгеден артық емес;

5 5) нысаналы мақсаты - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы