Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики учета налогов на продукты и импорт

Бұйрық · № 145 · қабылданған 12.10.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115709/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Методики учета налогов на продукты и импорт Қолданыста Бұйрық ·№ 145 ·12.10.2017
12.10.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики учета налогов на продукты и импорт

Қолданыста Бұйрық ·№ 145 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики учета налогов на продукты и импорт
Атауы (қаз.)
Өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды есепке алу әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
145
Қабылданған күні
12.10.2017
Көрсетілген редакция
12.10.2017 115709_248889.kaz
Соңғы өзгеріс
12.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015957
ЭКБ идентификаторы
115709
Редакция идентификаторы
115709_248889
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:38

0 Өнімдерге және импортқа салынатын

салықтарды есепке алу әдістемесін
бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының
2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды есепке алу әдістемеcі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына

(Г. М. Керімханова) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 19 қазан

0 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының
2017 жылғы 12 қазандағы
№ 145 бұйрығымен бекітілді
Өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды
есепке алу әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды есепке алу әдістемесі

(бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптыстырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының
2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

2

2. Осы Әдістеме Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қоғамдастықтардың Статистикалық бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік Банк дайындаған 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесіне (бұдан әрі – ҰШЖ 2008) сәйкес өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды есепке алу үшін арналады.

3 3. Әдістемені жалпы ішкі өнімді есептеуді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті қолданады.

4 4. Өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды есепке алу үшін:

1 1) ресми статистикалық ақпарат;

2 2) әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректері ақпараттық қор болып табылады.

2 2-тарау. 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесінде өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды жіктеу және көрсету

5 5. Салықтарды жіктеу:

1 1) өнімдерге салынатын салықтарды:

қосылған құн салықтарын (бұдан әрі – ҚҚС);
ҚҚС қоспағанда импортқа салынатын салықтар және баждарды;
экспортқа салынатын салықтарды;
ҚҚС, импорт пен экспортқа салынатын салықтарды қоспағанда өнімдерге салынатын салықтарды;

2 2) өндіріске салынатын басқа да салықтарды қамтиды.

6 6. Өнімдерге және импортқа салынатын салықтардың тізбесі осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.

7 7. Өнімдерге салынатын салықтар тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге салынатын салықтарды қамтиды және олар:

тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру;
сату немесе импорт;
экспорт немесе жалға беру;
трансферт ретінде беру;
басқа бірліктерге жеткізу;
жеке тұтыну немесе жинақтау үшін пайдаланылған сәтте төлеуге жатады.

8 8. Салықтық міндеттеменің туындауына алып келетін тиісті қызмет түрлері, операциялар немесе оқиғаларды жүзеге асыру кезінде салықтар есептеу әдісі бойынша көрсетіледі.

9 9. Салықты көрсету уақыты салықтық міндеттеменің туындау сәтіне сәйкес келеді. Өнімді сатуға, трансфертке немесе пайдалануға салынатын салық сату, трансферт немесе пайдалану сәтінде шоттарда көрсетіледі.

10 10. Салықтарды өлшеу төленбеген салықтық міндеттемелерді есепке алмағанда, нақты төленген салықтармен ғана шектеледі. Нақты салықтық төлемдер есептеулер әдісі негізінде салықтық міндеттемелердің туындауы нәтижесінде тіркеледі.

3 3-тарау. Тұрақты бағаларда өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды есептеу

11 11. Тұрақты бағаларда салықты есептеу ҚҚС, акциздер, кедендік төлемдер, мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа салынатын рента салығы және өнімдерге салынатын өзге де салық түрлері бойынша жүргізіледі.

12 12. ҚҚС тұрақты бағаларда есептеу ҚҚС туындататын ҰШЖ 2008 компоненттеріне негізделеді: үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға жұмсаған шығыстары, негізгі капиталдың жалпы қорланымы, аралық тұтыну.

13 13. Тұрақты бағаларда ҚҚС есептеу келесі түрде жүргізіледі:

1 1) ҚҚС сомасы осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес

«Ресурстар-Пайдалану» кестесінің компоненттеріне сәйкес бөлінеді.

2 2) Тұрақты бағаларда ҚҚС үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға жұмсаған шығыстары, негізгі капиталдың жалпы қорланымы (бұдан

әрі – НКЖҚ) және аралық тұтынуы тауарлардың әрбір топтарын сәйкес баға индекстері арқылы дефляторлау жолымен келесі формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
np0q1– тұрақты бағалардағы тиісті ҚҚС (базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезең);
np1q1– ағымдағы кезеңдегі тиісті ҚҚС;
d – дефлятор.
Дефлятор ретінде:
түпкілікті тұтынуға жұмсалған шығыстар үшін – тұтыну бағаларының индекстері;
НКЖҚ үшін – өндірушілер бағаларының, импорттық түсімдер бағаларының және тұтыну бағаларының индекстері;
аралық тұтыну үшін – өндірушілер бағаларының, тұтыну бағаларының индекстері пайдаланылады;

3 3) ҚҚС нақты көлем индексі үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға жұмсаған шығыстары, НКЖҚ және аралық тұтыну бойынша келесі формуламен есептеледі:

мұндағы:
In– тиісті ҚҚС нақты көлем индексі;
np0q1– тұрақты бағалардағы тиісті ҚҚС (базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезең);
np0q0– базистік кезеңдегі тиісті ҚҚС.

4 4) ҚҚС салмақталған нақты көлем индексі базалық кезең құрылымы бойынша есептеледі.

5 5) Алдыңғы кезеңдегі ҚҚС-ты салмақталған нақты көлем индексімен формула бойынша экстраполяциялау:

мұндағы:
Np0q1 – тұрақты бағалардағы ҚҚС (базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезең);
Np0q0 – базистік кезеңдегі ҚҚС;
I
– ҚҚС салмақталған нақты көлем индексі.

14 14. Тұрақты бағаларда акциздерді есептеу келесі формула бойынша ағымдағы кезеңдегі акциздерді мөлшерлемелердің өзгеру индексіне дефляторлау әдісімен жүргізіледі:

мұндағы:
Ap0q1 – тұрақты бағалардағы акциздер (базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезең);
Ap1q1 – ағымдағы кезеңдегі акциздер;
СӨИ – салық мөлшерлемесінің өзгеру индексі.
Салық мөлшерлемесінің өзгеру индексінің есептелуі келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
мұндағы:
СӨИ – салық мөлшерлемесінің өзгеру индексі;
ТСМ – t және t-1 кезеңіндегі тауар тобына салық мөлшерлемесі.

15 15. Тұрақты бағаларда кедендік төлемдерді есептеу ағымдағы кезеңдегі кедендік төлемдерді экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдердің баға индекстерімен дефляторлау арқылы жүзеге асырылады:

мұндағы:
Tp0q1 – тұрақты бағалардағы кедендік төлемдер (базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезең);
Tp1q1 – ағымдағы кезеңдегі кедендік төлемдер;
БИэи – экспорттық жеткізілімдердің баға индексі (импорттық түсімдердің).

16 16. Тұрақты бағаларда мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа салынатын рента салығы:

1 1) экспорттық жеткізілімдердің баға индексінің көмегімен дефляторлау арқылы есептеледі:

мұндағы:
Rp0q1 – тұрақты бағаларда мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа салынатын рента салығының көлемі (базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезең);
Rp1q1 – ағымдағы кезеңде мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа салынатын рента салығының көлемі;
БИэ – экспорттық жеткізілімдердің баға индексі.

2 2) экспортқа салынатын рента салығының сомасын шикі мұнай экспортының нақты көлем индексіне экстраполяциялау арқылы есептеледі:

мұндағы:
Rp0q1 – тұрақты бағаларда мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа салынатын рента салығының көлемі (базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезең);
Rp0q0 – базистік кезеңдегі мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа салынатын рента салығының көлемі;
Е – шикі мұнай экспортының нақты көлем индексі.

17 17. Өнімдерге салынатын өзге де салықтар тұрақты бағаларда тұтыну бағаларының сәйкес индекстерімен дефляторлау әдісі арқылы есептеледі.

18 18. Өнімдерге және импортқа салынатын салықтар бойынша нақты көлем индексін есептеу базалық кезеңнің құрылымы бойынша өнімдерге және импортқа салынатын салықтар түрлерін салмақтау жолымен жүзеге асырылады.

1 Өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды есепке алу әдістемесіне 1-қосымша

Өнімдерге және импортқа салынатын салықтардың тізбесі

1 1. ҚҚС;

2 2. акциздер;

3 3. үстiңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшiн төлемақы;

4 4. мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда экспортқа рента салығы;

5 5. мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа рента салығы;

6 6. аукционнан алынатын алым;

7 7. автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;

8 8. сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;

9 9. ойын бизнесі салығы;

10 10. кедендік төлемдері;

11 11. арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар;

12 12. арнайы қорғаныштық, демпингке қарсы және үлестірімге жатпайтын өтемақылық баждар.

2 Өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды есепке алу әдістемесіне 2-қосымша

«Ресурстар–Пайдалану» кестесінің компоненттері
Код
Өнім­нің ата­уы
Ара­лық тұ­ты­ну
Үй ша­ру­а­шы­лық-
та­ры­ның түп­кі­лік­ті тұ­ты­ну­ға жұм­са­ған шы­ғы­ста­ры
Негіз­гі ка­пи­тал­дың жал­пы қор­ла­ны­мы
A
Ауыл, ор­ман және ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі
B
Кен өн­ді­ру өнер­к­ә­сі­бі­нің өнім­де­рі
C
Өң­деу өнер­к­ә­сі­бі­нің өнім­де­рі
D
Электр энер­ги­я­сы, газ, бу және ауа бап­тау
Е
Су­мен жаб­дық­тау; кә­різ жүй­е­сі, қал­дық­тар­ды жи­нау және жою бой­ын­ша қыз­мет­тер
F
Құ­ры­лыс жұ­мыста­ры
G
Кө­тер­ме және бөл­шек са­уда бой­ын­ша қыз­мет­тер; ав­то­мо­биль­дер мен мо­то­цик­л­дер­ді жөн­деу бой­ын­ша қыз­мет­тер
H
Кө­лік, қой­ма ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның қыз­мет­те­рі
I
Тұ­ру және та­мақ­тан­ды­ру бой­ын­ша қыз­мет­тер
J
Ақ­па­рат және бай­ла­ныс бой­ын­ша қыз­мет­тер
K
Қар­жы және сақ­тан­ды­ру қыз­мет­те­рі
L
Жы­л­жы­май­тын мү­лік­пен жа­са­ла­тын опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша қыз­мет­тер
M
Кә­сі­би, ғы­лы­ми және тех­ни­ка­лық қыз­мет­тер
N
Әкім­ші­лік және қо­сал­қы қыз­мет көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­тер
O
Мем­ле­кет­тік бас­қа­ру және қор­ға­ныс са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­тер; мін­дет­ті әле­умет­тік қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша қыз­мет­тер
P
Бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­тер
Q
Ден­са­улық сақ­тау және ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­тер
R
Өнер, ой­ын-са­уық және де­ма­лыс са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­тер
S
Өзге де қыз­мет­тер
T
Үй қыз­мет­ші­сін жал­дай­тын үй ша­ру­а­шы­лық­та­ры­ның қыз­мет­те­рі және өзі тұ­ты­ну үшін та­у­ар­лар мен қыз­мет­тер­ді өн­ді­руі бой­ын­ша қыз­мет­тер
U
Аумақ­тан тыс ұй­ым­дар мен ор­ган­дар­дың қыз­мет­те­рі

Қолданыстағы