Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра энергетики Республики Казахстан

Бұйрық · № 332 · қабылданған 28.09.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115731/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Министра энергетики Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 332 ·28.09.2017
28.09.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра энергетики Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 332 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов Министра энергетики Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
332
Қабылданған күні
28.09.2017
Көрсетілген редакция
28.09.2017 115731_248968.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015938
ЭКБ идентификаторы
115731
Редакция идентификаторы
115731_248968
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:46

0 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 231 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11011 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2) «Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 231 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 703 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12928 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарына жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
____________ А. Мырзахметов
2017 жылғы 11 қазан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________ Ж. Қасымбек
2017 жылғы 29 қыркүйек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
____________ Қ. Қасымов
2017 жылғы 5 қазан

Қолданыстағы