Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил установления охранных зон объектов тепловых сетей и особых условий использования земельных участков, расположенных в границах таких зон

Бұйрық · № 331 · қабылданған 28.09.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115732/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил установления охранных зон объектов тепловых сетей и особых условий использования земельных участков, расположенных в границах таких зон Қолданыста Бұйрық ·№ 331 ·28.09.2017
23.12.2024 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил установления охранных зон объектов тепловых сетей и особых условий использования земельных участков, расположенных в границах таких зон

Қолданыста Бұйрық ·№ 331 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил установления охранных зон объектов тепловых сетей и особых условий использования земельных участков, расположенных в границах таких зон
Атауы (қаз.)
Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
331
Қабылданған күні
28.09.2017
Көрсетілген редакция
23.12.2024 115732_742201.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015941
ЭКБ идентификаторы
115732
Редакция идентификаторы
115732_742201
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:46

0 Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 348) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________ А. Мырзахметов
2017 жылғы 11 қазан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________ Ж. Қасымбек
2017 жылғы 29 қыркүйек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
____________ Қ. Қасымов
2017 жылғы 5 қазан

0 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің
2017 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 331 бұйрығымен
бекітілген
Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше жағдайларын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысының 15-тармағының 348) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу тәртібін айқындайды осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттары.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) жылу желілері – жылу энергия көздерінен орталық жылу пунктері мен сорғы станцияларын қоса алғанда, жылуды тұтыну қондырғыларына дейін жылу энергиясын беруге және (немесе) жылуды жеткізуге арналған құрылғылардың жиынтығы;

2 2) жылу желілерінің күзет аймағы – жылу желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғаларды алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері.

Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

3 3. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының барлық қолданыстағы, жобаланатын, салынып жатқан және жаңғыртылатын жылу желілеріне қолданылады және оның аумағында заңды және жеке тұлғалармен орындалады.

4 4. Жылу желілерінің күзету аймақтарының жай-күйін бақылау қарауында осы желілер бар ұйымдармен жоспарлы, кезеңдік, сондай-ақ желілерде технологиялық бұзушылықтар пайда болған кездегі жоспардан тыс тексерулер арқылы қамтамасыз етіледі.

5 5. Жылу желілерінің күзет аймақтары жер учаскелерінің иелері мен жер қойнауын пайдаланушылардан жер учаскелерін иемденбей, орнатылады.

6 6. Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері жылу желілерінің, оның ішінде олардың аумақтары бойынша өтетін жылу желілерінің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады.

7 7. Қарауында жылу желілері бар ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері) арасындағы даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

2 2-тарау. Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу тәртібі

1 1-параграф. Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу тәртібі

8 8. Жылу желілерінің сақталуын қамтамасыз ету, пайдаланылуы үшін қалыпты жағдай жасау және жазатайым жағдайларды болдырмау үшін жылу желілерінен ғимараттарға және құрылыстарға дейінгі ең төменгі рұқсат етілген қашықтықтағы күзет аймақтары белгіленеді.

9 9. Жылу желілерінің құрылысы мен пайдалану кезеңіне арналған жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер қатынастары саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлінеді.

10 10. Жылу желілерінің күзет аймақтары құрылыс құрылымының сыртқы жағынан құбырлардың мына диаметрімен ғимараттарға, құрылыстарға және инженерлік желілеріне дейін трасса маңында жер учаскесі түрінде орнатылады:

1 1) жерүсті төсемі:

Ду < 200 мм - 10 м;
Ду 200 мм-ден 500 мм-ге дейін - 20 м;
Ду > 500 мм - 25 м;

2 2) жерасты төсемі:

Ду < 500 мм - 5 м;
Ду > 500 мм - 8 м.
11.Тарихи және мәдени ескерткіштерден жылу желілеріне дейінгі арақашықтық – 15 метрден (бұдан әрі – м) кем емес (таратушы желілер үшін – 5 м кем емес).

12

12. Жылу желілері трассасын таңдаған кезде техникалық жерасты бөлігінде, дәліздерде және тоннельдерде (биіктігі 1,8 м кем емес) ғимараттан шығудың төменгі нүктесіндегі дренаждау құдық құрылғысы бар желілерді төсеген жағдайда тұрғын және қоғамдық ғимараттардың диаметрі 300 мм және одан кіші су желілері қиылысуына рұқсат етіледі.

13 13. Балалар және емдеу-сауықтыру мекемелерінің ғимараттарын кез келген диаметрлі жылу желілерінің қиылысуына рұқсат етілмейді.

14 14. Каналсыз төсем кезінде жылу желілерінің құрылыс конструкцияларынан немесе құбырлардың оқшаулама қабығынан құрылыстар мен инженерлік желілерге дейінгі жарықтағы көлденең арақашықтықтары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес анықталады.

15 15. Жылумен жабдықтаудың ашық желілерінің және ыстық сумен жабдықтау желілерінің жерасты су жылу желілерінен ықтимал ластану көздеріне дейінгі жарықтағы көлденең арақашықтықтары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес анықталады.

16 16. Каналсыз төсем кезінде жылу желілерінің құрылыс конструкцияларынан немесе құбырлардың оқшаулама қабығынан жарықтағы тігінен арақашықтықтар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес анықталады.

17

17. Қарамағында электр немесе жылу желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз жылу желiлерiнің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді.

18

18. Жылу желілерінің күзет аймақтарының жанында желілердің зақымдалуын тудыратын жұмыстарды жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыстардың басталуына дейін күнтізбелік 12 (он екі) күннен кешіктірмей, қарауында жылу желілері бар ұйымдармен жылу желілерінің сақталуын қамтамасыз ететін осы жұмыстарды жүргізудің талаптарын және тәртібін келіседі және өз қаражаты есебінен тиісті шараларды қабылдайды.

19 19. Қарауында жылу желілері бар ұйымның жылу желілерінің күзет аймақтарында жұмыстарды жүргізуге арналған жазбаша келісім беруден бас тартуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалады.

2 2-параграф. Осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттары

20

20. Жер жұмыстарын жүргізетін заңды және жеке тұлғалар жұмыс өндірісінің құжаттамасында көрсетілмеген жылу желілерін анықтағанда, осы жұмыстарды дереу тоқтатып, құбырлардың сақталуын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және бұл туралы жылу желілерін пайдаланушы ұйымға және/немесе жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

21 21. Жылу желілерін қайта құру немесе оларды зақымданудан қорғау қажеттілігін тудыратын жұмыстарды орындайтын жеке және заңды тұлғалар бұл жұмыстарды өз қаражаты есебінен қарауында осы жылу желілері бар ұйымдардың келісімі бойынша орындайды.

22 22. Коллекторлы-дренажды каналдарды, дуалдарды, өзге жұмыстардың құрылыстары мен өндірісін салу кезінде жылу желілеріне кіреберістер мен жолдар сақталады.

23 23. Жылу желілерінің трассасындағы жердің үстін жоспарлау жылу құбырларына сыртқы сулардың ағуын болдырмайды.

24 24. Жылу құбырлары, арматура және өтемдеуіштер жылу оқшаулағышпен жабылады.

25 25. Жылу желілерінің құбырлары мен металл конструкциялары сыртқы коррозиядан қорғаныс жабынынсыз қолданылмайды.

26 26. Суды тікелей жылу желілерінің камераларына немесе жер бетіне төгуге жол берілмейді.

27 27. Жерасты төсемі кезінде құбырлардан суды жіберуді негізгі камералардың қасында орнатылған төгу құдықтарына, бұдан әрі суды өздігінен ағатын немесе кәріз жүйелеріне жылжымалы сорғылар арқылы жүргізіледі.

28 28. Суды төгу құдықтарынан тікелей табиғи ағындыларға және жердің бедеріне бұруды қарастыруға осы іс-шараларды Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес келісілген жағдайда жол беріледі.

29 29. Арық жүйелерімен жылу желілері қиылысқан кезде жылу желілерінің сенімді гидрооқшаулануы және олардың конструкциялары қарастырылады.

30

30. Жылу желілері құбырларының үстінде орналасқан су құбырларының, кәріздердің қолданыстағы желілерінің жылу желілерімен қиылысуы кезінде, сондай-ақ газ құбырларының қиылысуы кезінде су құбырларының, кәріздердің және газ құбырларында 2 м ұзындықта қиылысудың (тұрғысынан) екі жағы бойынша қаптамалар құрылғысы қарастырылады. Қаптамаларда коррозиядан қорғау жабыны қарастырылады.

31 31. Қарауында жылу желілері бар ұйымдардың қызметкерлеріне басқа ұйымдардың аумақтарында орналасқан жылу желілерінің объектілеріне жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін кедергісіз рұқсат қамтамасыз етіледі.

32.Жылу желілерінде аварияларды болдырмау немесе олардың салдарларын жою бойынша жұмыстар жерді пайдаланушылардың келісімінсіз, бірақ оларды жүргізілетін жұмыстар туралы хабарлай отырып, жүргізіледі.

33 33. Қарауында жылу желілері бар ұйымдар көрсетілген жұмыстарды орындағаннан кейін жер учаскелерін мақсатты бағыты бойынша пайдаланылатын жарамды жай-күйге келтіреді.

34

34. Жеке және заңды тұлғалар жылу желілерінің күзет аймақтарында қарауында жылу желілері орналасқан ұйымдардың жылу желілерінің сақталуын және жазатайым жағдайларды болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарын орындайды. Қарауында жылу желілері бар ұйымдардың осы желілердің күзет аймағында жұмыс жүргізетін басқа да жеке және заңды тұлғалар адам өміріне қауіп төнген жағдайларда бұл қауіпті жойғанға дейін жұмыстарын тоқтатады.

35

35. Қарауында жылу желілері бар ұйымдардың уәкілетті лауазымды тұлғалары осы Қағидалардың бұзылуын анықтаған жағдайда, дәлелдейтін фактілері бар материалдарды (фотосуреттер, түсініктемелер, электр беру желілерін өту схемалары, күзет аймағында жұмыс жүргізу рұқсаттары және басқа да қолда бар материалдар) қоса беріп, еркін нысанда акті жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.

1 Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларына

1-қосымша
Каналсыз төсем кезінде жылу желілерінің құрылыс конструкцияларынан немесе құбырлардың оқшаулама қабығынан құрылыстар мен инженерлік желілерге дейінгі жарықтағы көлденең арақашықтықтар
Құ­ры­лы­стар мен ин­же­нер­лік ком­му­ни­ка­ци­я­лық же­лі­лер
Жа­рық­та­ғы ең аз ара­қа­шық­тық, м
Жы­лу же­лі­ле­рі­нің же­ра­с­ты тө­се­мі
1
2
1. Құ­ры­лы­стар ір­ге­та­сы­на дей­ін
1.1. Шөк­пей­тін то­пы­рақ­тар­да­ғы ка­нал­дар мен тон­нель­дер­ді (ка­нал­дың, тон­нель­дің сырт­қы бе­тон­ды қа­быр­ға­сы­нан) құ­быр­лар­дың диа­мет­рі, мм
Ду < 500
Ду = 500 - 800
Ду = 900 және одан жо­ға­ры бол­са құ­быр­лар­ды тө­сеу ке­зін­де
Сол си­яқ­ты I түр­де­гі шөк­пей­тін то­пы­рақ­тар­да
Ду < 500
Ду > 500 ке­зін­де­гі
2,0
5,0
8,0
5,0
8,0
1.2. Шөк­пей­тін то­пы­рақ­тар­да­ғы ка­нал­сыз тө­сем ке­зін­де (ка­нал­сыз тө­сем­нің сыр­ты­нан) құ­быр­лар­дың диа­мет­рі, мм
Ду < 500
Ду > 500
Сол си­яқ­ты I түр­де­гі шөк­пей­тін то­пы­рақ­тар­да:
Ду < 100
Ду > 100-ден 500-ге дей­ін
Ду > 500
5,0
7,0
5,0
7,0
8,0
Сол си­яқ­ты II түр­де­гі шөк­пей­тін то­пы­рақ­тар­да:
Шөк­пей­тін то­пы­рақ­тар қа­ба­ты­ның қа­лыңды­ғы 5-тен 12- м-ге дей­ін, құ­быр­дың шар­тты өтуі ке­зін­де, мм:
Ду < 100
Ду > 100-ден 300-ге дей­ін
Ду > 300
Ду< 100
Ду> 100-ден 300-ге дей­ін
Ду> 300 болған­да,
12 м астам шөк­пей­тін то­пы­рақ қа­ба­ты­ның қа­лыңды­ғы
5,0
7,5
10,0
7,5
10,0
15,0
2. Қор­ша­у­лар­дың және құ­быр­лар­дың ір­ге­та­ста­ры­на дей­ін
1,5
3. Те­мір жол­дың жа­қын жо­лы­на, ось­те­ріне дей­ін
1520 мм
Сол си­яқ­ты жол­ға және трам­вай жо­лы­на дей­ін 750 мм
4,0 (жы­лу же­лі­сі­нің тран­ше­я­сы­нан үй­ме­нің жи­егіне дей­ін­гі те­рең­дік­тен кем емес)
2,8
4. Те­мір жол­дың жер тө­се­мі­нің жа­қын құ­ры­лы­сы­на дей­ін
3,0 (жы­лу же­лі­сі­нің тран­ше­я­сы­нан негіз­гі шет­кі құ­ры­лы­стың негі­зіне дей­ін­гі те­рең­дік­тен кем емес)
5. Элек­тр­лен­дір­ген те­мір жол­дың жа­қын ара­да­ғы жо­лы­ның ось­те­ріне дей­ін
10,75
6. Те­мір жол­дың сызық­та­ры мен ай­қа­стыр­ма­ла­ры­на дей­ін
Сол си­яқ­ты іс­ін­гіш то­пы­рақ­тар ке­зін­де
10,0
20,0
7. Кө­пір­лер, тон­нель­дер және те­мір жол­дар­да­ғы бас­қа құ­ры­лы­стар­ға дей­ін
30,0
8. Жа­қын ара­да­ғы трам­вай жо­лы­ның ось­те­ріне дей­ін
2,8
9. Кө­ше­нің, жол­дың бүй­ір та­ста­ры­на дей­ін (жол­дың ер­не­уін­де бе­кі­ті­л­ген өте­тін бө­лік­тің жи­егі)
1,5
10. Кю­вет­тің сырт­қы жи­егін­де­гі неме­се жол үй­ме­сі­нің ете­гіне дей­ін
1,0
11. Сырт­қы жа­рық­тан­ды­ру және бай­ла­ныс же­лі­ле­рі­нің дің­гек­те­рі мен ба­ға­на­ла­ры­на дей­ін
1,0
12. Кө­пір­лер­дің, жол өт­пе­сі ті­ре­гі­нің ір­ге­та­ста­ры­на дей­ін
2,0
13.Те­мір жол­дар­дың бай­ла­ныс же­лі­сі­нің ті­рек ір­ге­та­ста­ры­на дей­ін
Сол си­яқ­ты трам­вай және трол­лей­бу­стар­дың
3,0
1,0
14. 35 кВ дей­ін­гі және май тол­ты­ры­л­ған ка­бель­дер­дің (110 кВ астам) кер­не­улі күш және ба­қы­лау ка­бель­де­ріне дей­ін
2,0
15. Те­ле­фон кә­рі­зін оқ­ша­у­лау, тү­тіктер­де­гі бай­ла­ныс ка­бель­де­рін оқ­ша­у­лау және ра­дио та­ра­та­тын ка­бель­дер­ге дей­ін
1,0
16. Кер­не­уі:
1) 1 кВ дей­ін­гі
2) 1-ден 35 кВ -тен ар­тық
3) 35 кВ -ден ар­тық кер­неу ке­зін­де электр бе­ру­дің әуе же­лі­ле­ріне ті­рек ір­ге­та­ста­ры­на дей­ін (жа­қын­да­су және қиы­лы­су ке­зін­де)
1,0
2,0
3,0
17. Су құ­быр­ла­ры­на дей­ін
Сол си­яқ­ты I түр­де­гі шөк­пей­тін то­пы­рақ­тар­дың
1,5
2,5
18. Тұр­мыстық және өн­ді­рі­стік кә­р­із­дер­ге дей­ін
1,0 (жы­лу­мен жаб­дық­та­удың
жа­бық жүй­е­сі ке­зін­де)
19.Дре­на­ж­дар мен жаң­быр кә­р­із­де­ріне дей­ін
1,0
20. Ка­нал­дар­да­ғы, тон­нель­дер­де­гі жы­лу же­лі­ле­рін тө­сеу, сон­дай-ақ ба­ғыт­тас дре­наж­бен ка­нал­сыз тө­сем­дер ке­зін­де­гі 0,6 МПа-ға дей­ін­гі қы­сым­да­ғы газ
құ­быр­ла­ры­на дей­ін
Сол си­яқ­ты 0,6-дан 1,2 МПа-ға дей­ін
2,0
4,0
21. Ба­ғыт­тас емес дре­наж­сыз жы­лу же­лі­ле­рін ка­нал­сыз тө­сеу ке­зін­де 0,3 МПа-ға дей­ін­гі қы­сым­да­ғы газ құ­быр­ла­ры­на дей­ін
Сол си­яқ­ты 0,3-тен астам 0,6 Мпа-ға дей­ін
Сол си­яқ­ты 0.6-ден астам 1,2 Мпа-ға дей­ін
1,0
1,5
2,0
22. Әр­түр­лі ма­ңы­зда­ғы ка­нал­дар мен тон­нель­дер­ге дей­ін (оның ішін­де су­лан­ды­ру же­лі­ле­рі ка­нал­да­ры­ның-арық­тар­дың жи­егіне дей­ін)
2,0
23. Сырт­қы же­лім­деу оқ­ша­у­ла­ғы­шы бар әр­ле­не­тін құ­ры­лы­стар мен мет­ро­по­ли­тен­дер­ге дей­ін
Сол си­яқ­ты же­лім­дей­тін гид­ро­оқ­ша­у­ла­ғы­шы жоқ
5,0 (жы­лу же­лі­сі­нің тран­ше­я­сы­нан негіз­гі құ­ры­лы­стың негі­зіне дей­ін­гі те­рең­дік­тен кем емес)
8,0 (бі­рақ жы­лу же­лі­сі­нің тран­ше­я­сы­нан құ­ры­лы­стың негі­зіне дей­ін­гі те­рең­дік­тен кем емес)
24. Мет­ро­по­ли­тен­нің жер үст­ін­де­гі же­лі­ле­рін оқ­ша­у­ла­ры­на дей­ін
5,0
25. Те­мір жол­дың жер тө­се­мі­нің жа­қын ара­да­ғы құ­ры­лы­сы­на дей­ін
3,0
26. Ара­лық ті­рек­тен те­мір жол­дың осіне дей­ін (те­мір­жол­дың қиы­лы­суы ке­зін­де)
"С", "СП", "Су" га­ба­рит­те­рі
27. Жа­қын ара­да­ғы трам­вай жо­лы­ның осіне дей­ін
2,8
28. Ав­то­мо­биль жо­лы кю­ве­ті­нің сырт­қы жи­егі неме­се бүй­ір та­сы­на дей­ін
0,5
29. Кер­не­уі:
1-ден 20-ға дей­ін
35-110
220
500 сым­дар­дың аса жо­ға­ры ауыт­қуы бар электр бе­ру­дің әуе же­лі­ле­ріне дей­ін
1,0
3,0
4,0
5,0
6,5
30. Қы­сы­мы 0,63 Мпа, кон­ден­сат­ты жы­лу же­лі­ле­рі­нің құ­быр диа­мет­рі
Ду = 500 – 1400
Ду от 200 до 500
Ду < 200 болған­да, су жы­лу же­лі­ле­рі мен су құ­быр­ла­ры­на ар­нал­ған тұр­ғын үй және қо­ғам­дық ғи­ма­рат­тар­ды жы­лу­мен жаб­дық­та­удың же­лі­ле­ріне ар­нал­ған
Сол си­яқ­ты бу жыл же­лі­ле­рі­нің қы­сым­да­ры үшін
РУ 1,0-ден 2,5 Мпа-ға дей­ін
Сол си­яқ­ты, 2,5-ден ар­тық 6,3 Мпа-ға дей­ін
25,0
20,0
10,0
5,0
30,0
40,0
Ескертпелер:

1

1. Жалпы жылу траншеяларында және басқа инженерлік желілерде төсем кезінде (олар бір уақытта салынған кезде) жылу желілерінен су құбырына және кәрізге дейінгі қашықтықты 0,8 м-ге дейін азайтуға, барлық желілерді бір деңгейге немесе белгілердегі айырмашылығы 0,4 м артық емес орналастырған кезде рұқсат етіледі.

2 2. Ғимараттардың, құрылыстардың тірегі іргетасының негізінен төмен төселетін жылу желілері үшін қосымша топырақтың табиғи еңісін ескере отырып орналасқан белгілердегі айырмашылық ескеріледі немесе іргетастарды бекітуге шаралар қабылданады.

3

3. Кестеде келтірілген әртүрлі тереңдіктегі орналасқан инженерлік желілер мен жерасты жылу желілерінің параллельді төсеу кезінде қашықтықтар көбейтіледі және желілердің орналасу айырмашылықтары қабылданады. Төсемдер қысылған жағдайларда және қашықтықтың көбеюі мүмкін емес болғанда жылу желілерін жөндеу және салу уақытында бұзылудан инженерлік желілерді қорғау жөніндегі іс-шаралар қарастырылады.

4 4. Бекіткіш және реттейтін арматураны орналастыруға арналған жылу желілері павильондарынан (оларда сорғылар жоқ болғанда) тұрғын ғимараттарына дейінгі қашықтық 15 м кем емес.

5 5. Елді мекендерден тыс кернеуі 1-ден 500 кВ-тен артық электр берудің әуе желілері бар жерүсті жылу желілерін параллельді төсеу кезінде шеткі сымнан қашықтықты тіреу биіктігінен кем емес қабылдауы тиіс.

2 Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларына

2-қосымша
Жылумен жабдықтаудың ашық желілерінің және ыстық сумен жабдықтау желілерінің жерасты су жылу желілерінен ықтимал ластану көздеріне дейінгі жарықтағы көлденең арақашықтықтар
Ла­ста­ну көз­де­рі
Жа­рық­та­ғы көл­де­не­ңі бой­ын­ша ең аз ара­қа­шық­тық­тар, м
1
2
1.Тұр­мыстық өн­ді­рі­стік кә­р­із­дің құ­ры­лы­ста­ры мен құ­быр­ла­ры:
ка­нал­дар мен тон­нель­дер­де жы­лу же­лі­ле­рін тө­сеу ке­зін­де
1,0
жы­лу же­лі­ле­рін ка­нал­сыз тө­сеу ке­зін­де
1,5
Ду < 200 мм, сол си­яқ­ты, Ду > 200 мм
жы­лу же­лі­ле­рі­нің ка­нал­сыз тө­сем ке­зін­де
3,0
2. Зи­рат, қо­қыс ор­ны, су­лан­ды­ру ала­ңы
10,0
жер астын­да­ғы су­лар бол­ма­ған­да жер астын­да­ғы су­лар болған­да және сүз­гі­лей­тін же­ра­с­ты су­ла­рын­да жер асты су­ла­ры­ның қоз­ға­лы­сы бой­ын­ша жы­лу же­лі­ле­ріне қа­рай
50,0
3. Кү­рел­ген және қо­қыс тө­ге­тін шұң­қыр­лар:
7,0
жер астын­да­ғы су­лар бол­ма­ған­да жер астын­да­ғы су­лар болған­да және сүз­гі­лей­тін же­ра­с­ты су­ла­рын­да жер асты су­ла­ры­ның қоз­ға­лы­сы бой­ын­ша жы­лу же­лі­ле­ріне қа­рай
20,0
Ескертпе: Кәріз желілері жылу желілерін төмен орналасқанда көлденеңі бойынша қашықтықта параллельді төсеу кезінде жылу желілерінен жоғары орналасқан желілердегі белгілерде айырмадан кем емес, кестеде көрсетілген қашықтықтар қабылданады, орналасу тереңдігінде айырмаға көбейтіледі.

3 Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларына

3-қосымша
Каналсыз төсем кезінде жылу желілерінің құрылыс конструкцияларынан немесе құбырлардың оқшаулама қабығынан жарықтағы тігінен арақашықтықтар
Құ­ры­лы­стар мен ин­же­нер­лік же­лі­лер
Жа­рық­та­ғы ең аз ара­қа­шық­тық, м
Жы­лу же­лі­ле­рі­нің же­ра­с­ты тө­сем­де­рі
1
2
1. Су құ­быр­ла­ры­на, суа­ғар­лар­ға, газ құ­быр­ла­ры­на, кә­р­із­дер­ге дей­ін
0,2
2. Бай­ла­ны­стың брон­дал­ған ка­бель­де­ріне дей­ін
0,5
3. 35 кВ-ке дей­ін­гі күш және ба­қы­лау ка­бель­де­ріне дей­ін
0,5
4. Те­ле­фон кә­рі­зін оқ­ша­у­ла­у­ға неме­се құ­быр­лар­да­ғы оқ­ша­у­лан­ған бай­ла­ныс ка­бель­де­ріне дей­ін
0,15
5. Өнер­к­ә­сіп­тік кә­сі­по­рын­дар­дың те­мір жол рель­сте­рі­нің ете­гіне дей­ін
1,0
Сол си­яқ­ты жал­пы же­лі­де­гі те­мір жол­да­ры­на дей­ін
Сол си­яқ­ты трам­вай жол­да­ры­на дей­ін
2,0
1,0
6. I, II, III са­нат­та­ғы жал­пы же­лі­де­гі ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның жол жа­бы­ны­ның үстіне дей­ін
1,0
7. Кю­вет неме­се бас­қа су бұр­ғыш құ­ры­лы­стар­дың тү­бі неме­се те­мір жол­дың жер тө­се­мі­нің үй­ме­сіне дей­ін (осы құ­ры­лы­стар­дың үсті­нен жы­лу же­лі­ле­рі ор­на­лас­қан кез­де)
0,5
8. Мет­ро­по­ли­тен құ­ры­лы­ста­ры­на дей­ін (жы­лу же­лі­ле­рі осы құ­ры­лы­стар­дың үст­ін­де ор­на­ласқан­да)
1,0
Жы­лу же­лі­ле­рі­нің жер үст­ін­де­гі тө­се­мі
9. Те­мір жол рель­сте­рі­нің ба­сти­егіне дей­ін
МЕМСТ 9238-83 және МЕМСТ 9720-76 бой­ын­ша "С", "СП", "Су" га­ба­рит­те­рі
10. Ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның жүр­гін­ші бө­лі­гі­нің бас жа­ғы­на дей­ін
5,0
11. Жа­яу жүр­гін­ші жол­да­ры­ның бас жа­ғы­на дей­ін
2,2
12. Трам­вай­дың бай­ла­ныс же­лі­сі­нің бө­лік­те­ріне дей­ін
0,3
13. Трол­лей­бу­стың бай­ла­ныс же­лі­сі­нің бө­лік­те­ріне дей­ін
0,2
14. кер­не­уі кВ ке­зін­де сым­дар­дың сал­мақ кем­ді­гі аса ауыр болған­да электр бе­ру­дің әуе же­лі­ле­ріне дей­ін:
1-ге дей­ін
1-20-ға дей­ін
35-110-ға дей­ін
220
500
1,0
3,0
4,0
5,0
6,5
Ескертпе:

1 1. Жер бетінен немесе жол жабынан жылу желілерінің тереңдігі (I, II және III санаттағы автокөлік жолдарынан басқа) кем қабылдамауы керек:

1 1) арналар мен тоннельдердің жабатын биіктікке дейін – 0,5 м;

2 2) камераларды жабу биіктігіне дейін – 0,3 м;

3 3) арнасыз төсемнің жабынының үстіне дейін – 0,7 м.

Жүрмейтін бөлікте биіктігі 0,4 м кем емес тоннель мен арналарға арналған камералар мен желдеткіш шахталарды жабатын жердің үстінен шығып тұруға рұқсат етіледі;

4 4) ғимаратқа кіретін жылу желілерін енгізгенде жердің үстінен арналарды жабатын үстіне дейінгі тереңдікті немесе каналдарды және арнасыз төсемнің жабынының үстіне дейін - 0,5м-ге рұқсат етіледі;

5 5) жер астындағы сулардың жоғары деңгейінде арналар мен тоннельдердің тереңдігі шамасын азайту және егер көліктің қозғалысы жағдайлары бұзылмаса, жер бетінен 0,4 м кем биіктіктегі жерден жоғары орналасқан жабындарды орналастыруды қарастырады.

2 2. Төменгі тіреуіштегі жылу желілерін жер үстінде төсеу кезінде жер үстінен су құбырын жылу оқшаулағыштың төменіне дейін (м):

1 1) 1,5 м-ге дейінгі құбыр топтарының ені бойынша - 0,35;

2 2) 1,5 м асатын құбыр топтарының ені бойынша - 0,5.

3 3. Жылу желілерін жерастына төсеу кезінде байланыстың күштік және бақылау кабельдерімен қиылысу кезінде олардың үстіне немесе астына орналасуы мүмкін.

4 4. Арнасыз төсем кезінде жылумен жабдықтаудың ашық желісінің су жылу желілерінен немесе ыстық сумен жабдықтаудың желілерінен жылу желілерінен төмен немесе жоғары орналасқан кәріз құбырларына дейін 0,4 м кем емес қабылданады.

Қолданыстағы