Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Щербактинского района

Ереже · № 90/27 · қабылданған 20.10.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115734/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Щербактинского района Қолданыста Ереже ·№ 90/27 ·20.10.2017
17.11.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Щербактинского района

Қолданыста Ереже ·№ 90/27 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Щербактинского района
Атауы (қаз.)
Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен наградтау Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
90/27
Қабылданған күні
20.10.2017
Көрсетілген редакция
17.11.2023 115734_665257.kaz
Соңғы өзгеріс
17.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17PM005669
ЭКБ идентификаторы
115734
Редакция идентификаторы
115734_665257
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:34

0 Шарбақты ауданының

Құрмет грамотасымен наградтау
Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6–бабы 1–тармағының 12–3) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен

наградтау туралы Ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңнамалық және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже

Шарбақты аудандық мәслихатының
2017 жылғы 20 қазандағы № 90/27
шешімімен Бекітілген
Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен
наградтау туралы
Ереже

5 1 – тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленген және ауданның Құрмет грамотасымен нагдартауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

2

2. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен ауданының алдында сіңірген еңбегін тану белгісінде, экономика, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушілікті, әскери, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.

3

3. Аудандық мәслихатына Құрмет Грамотасымен наградтауға ұсынымды аудандық мәслихатының депутаттары,    ауданының әкімі, ауданының аудандық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың,   ауданының аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары,  ауданының ауыл округтері әкімдері, ауданының қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.

4 4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында наградталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды.

10 2 – тарау. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы

5 5. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасының формасы:

– қазақ тілінде: Шарбақты ауданының Құрмет грамотасы;
– орыс тілінде: Почетная грамота Щербактинского района.
Құрмет грамотасы қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында
Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» және орыс тілінде «ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА» жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.
Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен қазақ тілінде «Шарбақты ауданы» және төменгі бөлігінде орыс тілінде «Щербактинский район» жазулары бейнеленген.
Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында қазақ тілінде «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» және оң жағында орыс тілінде «ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА» жазулары бар.
Қосымша жапсырманың сол жағынан қазақ тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін орын белгіленген.
Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін орын белгіленген.

12 3 – тарау. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі

6 6. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен наградтау Ережесін бекіту туралы шешім Шарбақты аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

Құрмет грамотасына аудандық мәслихаттың төрағасы және Шарбақты ауданының әкімі қол қояды.
Құрмет грамотасын тапсыру алдында наградтау туралы шешім жарияланады.

7 7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде наградталушыға жеке табыс етіледі. Құрмет грамотасын әкім және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсыры бойынша тұлға табыс етеді.

8 8. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен наградтау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Шарбақты аудандық мәслихатының жанында құрылған заңнамалық сұрақтары және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.

9 9. Наградтау бойынша материалдар Шарбақты аудандық мәслихатында сақталады.

Қолданыстағы