Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня культур и норм субсидий

Қаулы · № 294 · қабылданған 23.10.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115745/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении перечня культур и норм субсидий Күшін жойған Қаулы ·№ 294 ·23.10.2017
11.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня культур и норм субсидий

Күшін жойған Қаулы ·№ 294 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня культур и норм субсидий
Атауы (қаз.)
Дақыл тізбесі мен субсидия нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
294
Қабылданған күні
23.10.2017
Көрсетілген редакция
11.11.2020 115745_490928.kaz
Соңғы өзгеріс
11.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17U0004248
ЭКБ идентификаторы
115745
Редакция идентификаторы
115745_490928
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:33

0 Дақыл тізбесі мен субсидия

нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Жеміс-жидек дақылдарының және көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-1/168 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №33 бұйрығына сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14811 болып тіркелген, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) жеміс-жидек дақылының көпжылдық екпесінің тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;

2 2) жеміс-жидек дақылының көпжылдық екпелерін отырғызу және өсіруге (оның ішінде қалпына келтіруге) арналған субсидия нормалары (1 гектарға) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. «Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында тіркелуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

4 4) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі №224 «Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3307 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 11 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Д.А.Сатыбалды
Ә.Е.Тұрғымбеков
Б.С.Жамалов
Е.Ә.Садыр
Ұ.Сәдібеков
Т.Қ.Сәрсембаев
А.С.Сәбитов

12 Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2017 жылғы
23 қазандағы №294
қаулысына 1 – қосымша
Жеміс-жидек дақылының көпжылдық екпесінің тізбесі
№ р/н
Дақыл түрі
1
апорт

13 Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2017 жылғы
«23» қазандағы №294
қаулысына 2 - қосымша
Жеміс-жидек дақылының көпжылдық екпесін отырғызу және өсіруге (оның ішінде қалпына келтіруге) арналған субсидия нормалары
Дақыл түрі
Екпенің сызбасы, м
Отырғызу және өсіру (1 өсу жылы)
2 өсу жылы
3 өсу жылы
Барлық шығын
Субсидияның нормасы (40%)
Барлық шығын
Субсидияның нормасы (40%)
Барлық шығын
Субсидия ның нормасы (40%)
апорт
8x6
1753400
701360
538300
215320
538400
215360
кестенің жалғасы
4 өсу жылы
5 өсу жылы
6 өсу жылы
7 өсу жылы
Барлық шығын
Субсидияның нормасы (40%)
Барлық шығын
Субсидияның нормасы (40%)
Барлық шығын
Субсидияның нормасы (40%)
Барлық шығын
Субсидияның нормасы (40%)
590700
236280
540700
216280
620400
248160
657700
263080

Қолданыстағы