Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы
- Атауы (қаз.)
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 45/04
- Қабылданған күні
- 13.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2019 115760_406070.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KA004425
- ЭКБ идентификаторы
- 115760
- Редакция идентификаторы
- 115760_406070
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:38
0 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2
2. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 17/01 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4256 болып тіркелген, «Индустриальная Караганда» 2017 жылдың 20 мамырында № 55 (22168) және «Орталық Қазақстан» 2017 жылдың 20 мамырында № 54 (22361) газеттерінде, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 24 мамырда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «13» қазанда
№ 45/04 қаулысымен бекітілген
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы ата-ананың бір айлық төлемақы мөлшері (теңге)
Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
мемлекеттік
жеке меншік
мемлекеттік
жеке меншік
мемлекеттік
жеке меншік
1
балабақша
11524
3312
11000
11000
22550
26000
2
мектепке дейінгі шағын орталық
1329
934
11000
11000
10735
26000