Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы

Қаулы · № 272 · қабылданған 19.10.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115793/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы Күшін жойған Қаулы ·№ 272 ·19.10.2017
02.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы

Күшін жойған Қаулы ·№ 272 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы
Атауы (қаз.)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
272
Қабылданған күні
19.10.2017
Көрсетілген редакция
02.04.2021 115793_517177.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17UN004249
ЭКБ идентификаторы
115793
Редакция идентификаторы
115793_517177
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:35

0 Мектепке дейінгі тәрбие

мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын,
ата-ана төлемақысының
мөлшерін бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

2

2. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 тамыздағы №315 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3840 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 тамызда «Шамшырақ» газетінде және 2016 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) және 2017 жылғы 29 мамырдағы №132 «Түлкібас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 тамыздағы №315 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4121 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 маусымда «Шамшырақ» газетінде және 2017 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Түлкібас ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Түлкібас ауданы

әкімдігінің 2017 жылғы
19 қазандағы №272
қаулысына 1-қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мектепке дейінгі мекемелердегі
орын саны
Оның ішінде
жергілікті бюджет есебінен
6816
6816

11 Түлкібас ауданы

әкімдігінің 2017 жылғы
19 қазандағы №272
қаулысына 2-қосымша
Ата-ана төлемақысының мөлшері
Баланың жас ерекшеліктеріне қарай
Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
3 жасқа дейін
248,7
3 жастан 7 жасқа дейін
318,6
Ескерту: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын нақты жұмыс күніне есептеледі.

Қолданыстағы