О некоторых вопросах защиты государственных секретов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах защиты государственных секретов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғаудың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 579
- Қабылданған күні
- 07.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.11.2017 115805_250937.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1700000579
- ЭКБ идентификаторы
- 115805
- Редакция идентификаторы
- 115805_250937
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:21
0 Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғаудың
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беру жолымен қайта құрылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының нормативтік құқытық актілеріне осы Жарлықтан туындайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
2
2) «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы», «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» мемлекеттік мекемелерін және «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесiнің қарамағынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағына беруді қамтамасыз етсін;
3 3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті штат санын беруді қамтамасыз етсін;
4 4) заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3 3. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік органдары) бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел іздестіру қызметіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) күзетуге, Үкіметтік байланыс қызметінің және «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің міндеттерін іске асыруға басшылықты, құзыретіне жатқызылған қызмет салаларындағы ведомствоаралық үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай саясатты іске асыруды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы 8-7) және 8-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-7) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
8-8) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шараларды әзірлеу;».
12-тармақ мынадай мазмұндағы 64-24), 64-25), 64-26), 64-27), 64-28), 64-29), 64-30) және 64-31) тармақшалармен толықтырылсын:
«64-24) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады, мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін дамытады және жетілдіреді;
64-25) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесін әзірлейді;
64-26) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелердің кадрларын даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырады;
64-27) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау мәселелері жөнінде практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
64-28) ұлттық қауіпсіздік органдарында шифрды ашу жұмысын ұйымдастырады;
64-29) ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында техникалық регламенттерді әзірлейді, келіседі және бекітеді, сондай-ақ техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
64-30) қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын барлық органдардың міндеттерді шешу мүддесінде байланыс желісін пайдалануымен байланысты қарсы барлау, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүзеге асырады;
64-31) ұлттық қауіпсіздік органдары пайдалану үшін Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы бөлген радиожиілікті бөлуді және есепке алуды жүзеге асырады;»;
16-тармақта:
124-6) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 125-49) тармақшасымен толықтырылсын:
«125-49) «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілейді;»;
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағында тұрған ұйымдардың тізбесі» деген бөлім мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.»;
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі» деген бөлімнің «Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген кіші бөлімі мынадай мазмұндағы 15 және 16-тармақтармен толықтырылсын:
«15. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау орталығы.
16. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы.»;