Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность
- Атауы (қаз.)
- Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10/116
- Қабылданған күні
- 03.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 13.10.2021 115819_542549.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MA003453
- ЭКБ идентификаторы
- 115819
- Редакция идентификаторы
- 115819_542549
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:44
0 Сот шешімімен коммуналдық
меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2
2. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы - Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы.Көшербай) жүктелсін.
4 4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________Б.Қ. Ізғалиев
«16» қазан 2017 жыл
5 Ақтау қалалық мәслихатының
2017 жылғы 3 қазандағы
№ 10/116 шешімімен бекітілген
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртібін айқындайды.
2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Ақтау қаласының әкімдігі жүзеге асырады.
4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде «Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленеді.
5 5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.