Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность
- Атауы (қаз.)
- Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20-6
- Қабылданған күні
- 18.10.2017
- Қолданысқа енгізілген күні
- 27.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2023 115838_630778.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17GF003573
- ЭКБ идентификаторы
- 115838
- Редакция идентификаторы
- 115838_630778
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:36
0 Сот шешімімен коммуналдық
меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару
Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, экология, табиғатты және әкімшілік-аймақтық құрылымды дамыту, жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Меркі аудандық мәслихатының
2017 жылғы 18 қазандағы
№20-6 шешіміне қосымша
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды ( бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртібін анықтайды.
2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3. Иесіз қалдықтарды басқаруды ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.
4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып белгіленеді.
5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына» сәйкес атқарылады.