Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области

Қаулы · № 263 · қабылданған 27.10.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115849/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 263 ·27.10.2017
27.10.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 263 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
263
Қабылданған күні
27.10.2017
Көрсетілген редакция
27.10.2017 115849_251898.kaz
Соңғы өзгеріс
27.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17SB004357
ЭКБ идентификаторы
115849
Редакция идентификаторы
115849_251898
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:29

0 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 27-бабының 3-тармағына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 89 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 11 мамырда № 4179 тіркелді, 2017 жылғы 17 мамырда электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды);

2

2) «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар үшін Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылы 25 мамырдағы № 139 қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2017 жылғы 06 маусымда № 4231 тiркелді, 2017 жылғы 08 маусымда электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды).

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Т. Дүйсембаеваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Солтүстік
Қазақстан облысы Аққайың
аудандық сайлау комиссиясының
төрайымы
________________О. Плищенко
2017 жылғы «26» қазан

Қолданыстағы