Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Өзге акт · № 16 · қабылданған 09.10.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115878/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған Өзге акт ·№ 16 ·09.10.2017
23.01.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Күшін жойған Өзге акт ·№ 16 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба
Атауы (қаз.)
Жергiлiктi ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16
Қабылданған күні
09.10.2017
Көрсетілген редакция
23.01.2018 115878_297287.kaz
Соңғы өзгеріс
23.01.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17UJ004235
ЭКБ идентификаторы
115878
Редакция идентификаторы
115878_297287
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:42

0 Жергiлiктi ауқымдағы

табиғи сипаттағы
төтенше жағдай
жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуiрдегi Заңының 48 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 2 шiлдедегi №756 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгiлеу туралы» қаулысына сәйкес және Сайрам ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссиясының кезектен тыс отырысының 2017 жылғы 23 тамыздағы №6 хаттамасы негiзiнде, Сайрам ауданының әкiмi ШЕШIМ ЕТЕДI:

1 1. Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округінің 117 кварталында Ақсу өзені бойында орналасқан сібір жарасы көміндісін су шаюы қаупі туындауы мүмкiндігіне байланысты жергiлiктi ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2 2. «Сайрам ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiпте:

1 1) осы шешімді Сайрам ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;

2 2) осы шешімді Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсiн.

3 3. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі И.Марин тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

4 4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы