Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность
- Атауы (қаз.)
- Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20/103
- Қабылданған күні
- 24.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2021 115903_534540.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17SF004364
- ЭКБ идентификаторы
- 115903
- Редакция идентификаторы
- 115903_534540
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:33
0 Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
2017 жылғы 24 қазандағы № 20/103 шешімімен бекітілді
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1 бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түсті деп танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.
4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық шаруашылығы саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган белгіленеді.
5 5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.