О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 591
- Қабылданған күні
- 31.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 09.08.2019 115936_417298.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17LE006018
- ЭКБ идентификаторы
- 115936
- Редакция идентификаторы
- 115936_417298
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:26
0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз
етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің кейбір мәселелері
туралы
“Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қармақшы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қошалақовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
“КЕЛІСІЛДІ”
“ Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қызылорда
облысының ішкі істер департаменті
Қармақшы ауданының ішкі істер бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________Е. Ахметов
«26» қазан 2017 жыл
4 Қармақшы ауданы әкімдігінің
2017 жылғы “31” қазандағы
№ 591 қаулысына қосымша
Қармақшы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1 1. Көтермелеудің түрлері
1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1 1) алғыс жариялау;
2 2) грамотамен марапаттау;
3 3) ақшалай сыйақы беру.
2 2. Көтермелеудің тәртібі
2 2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қармақшы ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
3
3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға “Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының iшкi iстер департаментi Қармақшы ауданының ішкі істер бөлімі” мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Ішкі істер бөлімі) енгiзедi.