Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қаулы · № 591 · қабылданған 31.10.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115936/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Күшін жойған Қаулы ·№ 591 ·31.10.2017
09.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Күшін жойған Қаулы ·№ 591 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Атауы (қаз.)
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
591
Қабылданған күні
31.10.2017
Көрсетілген редакция
09.08.2019 115936_417298.kaz
Соңғы өзгеріс
09.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17LE006018
ЭКБ идентификаторы
115936
Редакция идентификаторы
115936_417298
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:26

0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз

етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің кейбір мәселелері
туралы
“Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының  2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қармақшы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қошалақовқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

“КЕЛІСІЛДІ”
“ Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қызылорда
облысының ішкі істер департаменті
Қармақшы ауданының ішкі істер бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________Е. Ахметов
«26» қазан 2017 жыл

4 Қармақшы ауданы әкімдігінің

2017 жылғы “31” қазандағы
№ 591 қаулысына қосымша
Қармақшы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2 2. Көтермелеудің тәртібі

2 2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қармақшы ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

3

3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға “Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының iшкi iстер департаментi Қармақшы ауданының ішкі істер бөлімі” мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Ішкі істер бөлімі) енгiзедi.

4 4. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес, қосымша ішкі істер бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

6 6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

7 7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын ішкі істер бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3 3. Ақшалай сыйақының мөлшері

8 8. 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

9 9. Ішкі істер бөлімі ақшалай сыйақыны төлеудi облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Қолданыстағы