Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановления акимата Акмолинской области

Қаулы · № А-10/469 · қабылданған 16.10.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115939/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановления акимата Акмолинской области Қолданыста Қаулы ·№ А-10/469 ·16.10.2017
16.10.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановления акимата Акмолинской области

Қолданыста Қаулы ·№ А-10/469 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановления акимата Акмолинской области
Атауы (қаз.)
Ақмола облысы әкімдігінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-10/469
Қабылданған күні
16.10.2017
Көрсетілген редакция
16.10.2017 115939_253037.kaz
Соңғы өзгеріс
16.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17B0006153
ЭКБ идентификаторы
115939
Редакция идентификаторы
115939_253037
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:37

0 Ақмола облысы әкімдігінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е.Я. Каппельге жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Ақмола облысы әкімдігінің

2017 жылғы 16 қазандағы
№ А-10/469 қаулысына
қосымша
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының тізбесі
1. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-2/22 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3217 болып тіркелген, 2007 жылғы 20 наурызда «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағы аумағында табиғатты пайдалану қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

3 «3. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында:

1 1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;

2 2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;

3 3) пайдалы қазбалар өндіруге;

4 4) аң аулауға;

5 5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;

6 6) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);

7 7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;

8 8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.»;

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

4 «4. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

1 1) орман шаруашылығы қызметі;

2 2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

3 3) туристік және рекреациялық қызмет;

4 4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

5 5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

6 6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

7 7) бүлінген жерді қалпына келтіру;

8 8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;

9 9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;

10

10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.».

2

2. «Ақмола облысында «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі күзет аймағының аумағында режим түрін және табиғатты пайдалану тәртібін, күзет аймағының көлемі мен шекараларын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № А-5/190 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3393 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 шілдеде «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысында «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі күзет аймағының аумағында табиғатты пайдалану ережелерінде:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

3 «3. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында:

1 1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;

2 2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;

3 3) пайдалы қазбалар өндіруге;

4 4) аң аулауға;

5 5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;

6 6) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);

7 7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;

8 8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.»;

келесі мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

4 «4. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

1 1) орман шаруашылығы қызметі;

2 2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

3 3) туристік және рекреациялық қызмет;

4 4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

5 5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

6 6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

7 7) бүлінген жерді қалпына келтіру;

8 8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;

9 9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;

10

10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.».
3. «Ақмола облысында «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қорғау аймағының аумағында режим түрін және табиғатты пайдалану тәртібін, қорғау аймағының көлемі мен шекараларын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № А-10/556 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4492 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 23 желтоқсанда жарияланған) келесі өзгеріспен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысында «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қорғау аймағының аумағында табиғатты пайдалану қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

2 «2. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында:

1 1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;

2 2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;

3 3) пайдалы қазбалар өндіруге;

4 4) аң аулауға;

5 5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;

6 6) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);

7 7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;

8 8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.»;

келесі мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

3 «3. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

Қолданыстағы