Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Чингирлаускому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Чингирлаускому району
- Атауы (қаз.)
- Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16-3
- Қабылданған күні
- 27.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 25.11.2022 115958_603633.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ZM004952
- ЭКБ идентификаторы
- 115958
- Редакция идентификаторы
- 115958_603633
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:30
0 Шыңғырлау ауданы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу
нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 98 «Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес, аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2 2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Шағиров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Шыңғырлау аудандық мәслихатының
2017 жылғы 27 қазандағы
№ 16-3 шешіміне
қосымша
Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Объектінің түрі
Есептік бірлік
м3/жыл
1.
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
1,1
2.
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және тағы сол сияқтылар
1 орын
1,3
3.
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,4
4.
Мекемелер, ұйымдар, офистер, банктер, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,22
5.
Емханалар
1 келіп кету
0,04
6.
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру
мекемелері
1 төсек - орын
2,06
7.
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,13
8.
Мейрамханалар, дәмханалар,
қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
1,16
9.
Мұражай, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
0,8
10.
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
0,13
11.
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
0,21
12.
Азық-түлік, өнеркәсіптік
тауар дүкендері, супермаркеттер
сауда алаңы 1 м2
0,8
13.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары
Жалпы алаңы 1 м2
0,22
14.
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1 м2
0,5
15.
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
0,44
16.
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильдерге жанармай құю бекеттері, гараждар
1 машина - орын
0,11
17.
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
2,3
18.
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
0,23
19.
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,13
20.
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
0,26
21.
Аудан аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар
1000 қатысушы
0,8
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
м2 - шаршы метр;
м3 – куб метр.