Құжат мәтініне өту

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Южно-Казахстанской области

Бұйрық · № 655 · қабылданған 09.11.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115964/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Южно-Казахстанской области Қолданыста Бұйрық ·№ 655 ·09.11.2017
09.11.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Южно-Казахстанской области

Қолданыста Бұйрық ·№ 655 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Южно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Оңтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
655
Қабылданған күні
09.11.2017
Көрсетілген редакция
09.11.2017 115964_253600.kaz
Соңғы өзгеріс
09.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015988
ЭКБ идентификаторы
115964
Редакция идентификаторы
115964_253600
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:20

0 Оңтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Оңтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1 1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2017 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

2 2) көлемі – 2 300 000 000 (екі миллиард үш жүз миллион) теңгеден артық емес;

3 3) нысаналы мақсаты - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы