Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Жаркаинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Жаркаинского района
- Атауы (қаз.)
- Жарқайың ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-14/3
- Қабылданған күні
- 27.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2018 115986_301381.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BL006161
- ЭКБ идентификаторы
- 115986
- Редакция идентификаторы
- 115986_301381
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:30
0 Жарқайың ауданының
аумағында қызметін
жүзеге асыратын барлық
салық төлеушілер үшін
бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелерін белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 422 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 6 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жарқайың ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
Жарқайың аудандық мәслихатының «Бірыңғай тіркелген салықтық ставкалары туралы» 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 4С-14/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-107 болып тіркелген, 2009 жылғы 24 сәуірде «Целинное знамя» газетінде жарияланған) шешімі.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап
қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
____________________Д. Шәкіров
27.10.2017
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жарқайың ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
____________________Г. Бекентаев
27.10.2017
4 Жарқайын аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 27 қазандағы
№ 6С-14/3 шешіміне
қосымша
Жарқайың ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
№ р/с
Салық салу объектісінің атауы
Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
2
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
2
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер
2
4.
Ойын жолы
10
5.
Карт
4
6.
Бильярд үстелі
5