Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Акжарского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Акжарского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19-1
- Қабылданған күні
- 31.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 22.11.2021 115998_549707.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17SD004369
- ЭКБ идентификаторы
- 115998
- Редакция идентификаторы
- 115998_549707
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:28
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Солтүстік Қазақстан облысы
Акжар аудандық мәслихатының
2017 жылғы «_31_»_қазан__
№_19-1_ шешімімен бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы Акжар ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Cот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.
4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде Ақжар ауданы әкімдігімен тұрғын-үй шаруашылық саласындағы қызметті атқаруға уәкілеттік берілген, тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі атқарушы органы белгіленеді.
5 5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.
7 7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
8 8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9 9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
3 3. Қорытынды ережелер
10 10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.
_________________________