Құжат мәтініне өту

Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границы оценочных зон и поправочные коэффиценты к базовым ставкам платы за земельные участки по селам Мерке, Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал

Өзге акт · № 20-3 · қабылданған 18.10.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116057/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границы оценочных зон и поправочные коэффиценты к базовым ставкам платы за земельные участки по селам Мерке, Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал Қолданыста Өзге акт ·№ 20-3 ·18.10.2017
18.10.2017 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границы оценочных зон и поправочные коэффиценты к базовым ставкам платы за земельные участки по селам Мерке, Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал

Қолданыста Өзге акт ·№ 20-3 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границы оценочных зон и поправочные коэффиценты к базовым ставкам платы за земельные участки по селам Мерке, Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал
Атауы (қаз.)
Меркі, Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал ауылдары бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
20-3
Қабылданған күні
18.10.2017
Қолданысқа енгізілген күні
04.12.2017
Көрсетілген редакция
18.10.2017 116057_254342.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17GF003580
ЭКБ идентификаторы
116057
Редакция идентификаторы
116057_254342
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:35

0 Меркі, Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал

ауылдары бойынша жерді аймақтарға бөлу
жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының
шекараларын және жер учаскелері үшін
төлемақының базалық ставкаларына түзету
коэффициенттерiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жеркодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Меркі, Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал ауылдары бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы), бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың сәулет және құрылыс, энергетиканы, көлік пен байланысты, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, жер ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Меркі аудандық мәслихатының

2017 жылғы 18 қазандағы
№20-3 шешіміне 1 қосымша

5 Меркі, Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал ауылдары бойынша бағалау аймақтарының шекаралары

Меркі аудандық мәслихатының
2017 жылғы 18 қазандағы
№20-3 шешіміне
2 қосымша
Меркі, Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал ауылдары бойынша бағалау аймақтарының шекаралары
Бағалау аймағының нөмірі
Бағалау аймақтары шекараларының сипаттамасы
І
І-ші бағалау аймағы үшін сипаттаманың бастапқы нүктесіне Әзімбек Ысмаилов көшесі мен Тоқтар Әубәкіров көшелерінің киылысының нүктесі алынды.
Шекара бастапқы нүктеден Тоқтар Әубәкіров көшесімен солтүстік бағытпен Меркі ауылына дейін өтеді және Меркі ауылының шекарасымен солтүстік бағытта әрі қарай өтеді, кейін бұрылады да шығыс бағытқа қарай Меркі ауылының шекарасымен 003 есептік кварталына дейін, кейін оңтүстік бағытқа қарай 003, 006 есептік кварталдарының шекарасымен Меркі ауылына дейін келеді, кейін батыс бағытта Меркі ауылының шекарасымен Буденный көшесіне дейін, кейін солтүстік бағытта Буденный көшесімен Оспан Үмбетов көшесінің киылысына дейін, кейін солтүстік бағытта Оспан Үмбетов көшесімен Әзімбек Ысмаилов көшесінің киылысына дейін, кейін батыс бағытта Әзімбек Ысмаилов көшесімен Тоқтар Әубәкіров көшесінің қиылысына дейін (алғашқы нүкте).
ІІ
ІІ-ші бағалау аймағы екі учаскеден түрады – 1 учаске І-ші бағалау аймағының батысында, 2 учаске І-ші бағалау аймағының шығысында.
1 учаске – сипаттаманың бастапқы нүктесіне Әзімбек Ысмаилов көшесімен Тоқтар Әубәкіров көшелерінің қиылысу нүктесі алынды. Бағалау аймағының шекарасы бастапқы нүктеден шығыс бағытта Әзімбек Ысмаилов көшесімен Оспан Үмбетов көшесінің қиылысына дейін өтеді, кейін оңтүстік бағытта Оспан Үмбетов көшесімен Меркі ауылына дейін, кейін Меркі ауылының шекарасымен батыс бағытта, кейін Меркі ауылының шекарасымен солтүстік бағытта, кейін Меркі ауылының шекарасымен шығыс бағытта Тоқтар Әубәкіров көшесіне дейін, кейін Тоқтар Әубәкіров көшесімен оңтүстік бағытта Әзімбек Ысмаилов көшесінің қиылысына дейін (алғашқы нүкте).
2 учаске – сипаттаманың бастапқы нүктесіне Лермонтов көшесі және Әзімбек Ысмаилов көшелерінің қиылысы алынды. Бағалау аймағының шекарасы шығыс бағытта Әзімбек Ысмаилов көшесімен Советская көшесінің қиылысына дейін өтеді және Советский көшесімен шығыс бағытта Меркі ауылына дейін өтеді, кейін Меркі ауылының шекарасымен батыс бағытта есептік кварталы 006 шекарасына дейін, кейін есептік кварталы 006 шекарасымен солтүстік бағытта Әзімбек Ысмаилов көшесіне дейін, кейін Әзімбек Ысмаилов көшесімен шығыс бағытта есептік кварталы 003 шекарасына дейін және есептік кварталы 003 шекарасымен Меркі ауылының шекарасына дейін өтеді, кейін Меркі ауылының шекарасымен шығыс бағытта Лермонтов көшесіне дейін, кейін Лермонтов көшесімен оңтүстік бағытта Әзімбек Ысмаилов көшесінің қиылысына дейін (алғашқы нүкте).
ІІІ
ІІІ-ші бағалау аймағы үшін сипаттаманың бастапқы нүктесіне Әзімбек Ысмаилов көшесі мен Лермонтов көшелерінің киылысы алынды.
Бағалау аймағының шекарасы бастапқы нүктеден Лермонтов көшесімен солтүстік бағытта есептік кварталы 009 шекарасына дейін өтеді, кейін батыс бағытта есептік кварталы 009 шекарасымен Меркі ауылына дейін, кейін Меркі ауылының шекарасымен Советский көшесімен солтүстік бағытта Әзімбек Ысмаилов көшесінің қиылысына дейін келеді, кейін Әзімбек Ысмаилов көшесі батыс бағытта Лермонтов көшесінің қиылысына дейін (алғашқы нүкте).

6 Меркі, Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал ауылдары бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi

Меркі аудандық мәслихатының
2017 жылғы 18 қазандағы
№20-3 шешіміне
3 қосымша
Меркі, Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал ауылдары бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi
Бағалау аймағының нөмірі
Жер учаскелерінің төлемақылық базалық ставкасына түзету коэффиценті
І
1,3
ІІ
1,1
ІІІ
1,0

Қолданыстағы