Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 114-17/6
- Қабылданған күні
- 27.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 23.08.2019 116062_420816.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17LA006027
- ЭКБ идентификаторы
- 116062
- Редакция идентификаторы
- 116062_420816
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:30
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңның 29-бабының 6-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі - кемтар балалар) ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу (бұдан әрі - шығындарды өтеу) мөлшері тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2
2. Шығындарды өтеуді «Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тиісті оқу жылы кезеңінде тоқсан сайын қала бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3
3. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау немесе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11342 болып тіркелген) 25-қосымшасымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады және 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
4 4. Шығындарды өтеу кемтар балалар:
1 1) он сегіз жасқа толғанда;
2 2) қайтыс болғанда;
3 3) мүгедектігін алып тастағанда;
4 4) интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;
5 5) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;
6 6) Қызылорда қаласы шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткенде тоқтатылады.
Шығындарды өтеу көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
5 5. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ М.ЕРГЕШБАЕВ
«27» қазан 2017 жыл